"Қазтеміртранс" АҚ мүлікті және еншілес ұйымдарды басқару жөніндегі функционалдық бағыттың бас менеджері (18 грейд)

от 567079
АО "Қазтеміртранс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
71

Қаралған саны:
590

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның мүлкін, талап етілмеген және өтімсіз қорларын сатумен байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау/жол картасын әзірлеу;
  • Қоғамның мүлкін мемлекет меншігіне беру мәселелері бойынша уәкілетті органмен бірлескен жұмысты қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен Қоғамның мүлкін, талап етілмеген және өтімсіз қорларын сату мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының және Директорлар кеңесінің, Басқарманың және Директорлар кеңесінің Қоғамның мүлкін, талап етілмеген және өтімді емес тауарлы-материалдық қорларын өткізу мәселелері бойынша құжаттары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның қызметі туралы ақпаратты жинау және оны «Бірыңғай есеп беру жүйесі» бағдарламасына енгізу;
  • тәуелсіз бағалаушының Қоғам мүлкінің құнын анықтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруын қамтамасыз ету, тәуелсіз бағалаушыға мүліктің құнын анықтау үшін қажетті құжаттаманы ұсыну;
  • функционалдық саланың функциялары мен өкілеттіктері шеңберінде тәуекелдерді басқару, сондай-ақ тәуекелдерді ескере отырып, функционалдық саланың қызметі бойынша басқару шешімдерін қабылдау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: экономикалық, гуманитарлық және / немесе техникалық білім
  • Жұмыс тәжірибесі: Экономика, Менеджмент, Маркетинг, Есеп және аудит, құқықтану, қаржы, халықаралық құқық саласында кемінде 5 жыл және басшы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және/немесе топ басшысының тәжірибесі.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы