Жобалау офисінің бас менеджері (Инфрақұрылымдық жобалар)

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
434

   Конкурс туралы

Қызметтік міндеттері:

1)         Қоғам мен ЕТҰ жобаларын құрылымдауды, күрделі жобаларды іске асыру, жобаны іске асырудың инвестиция алды және инвестициялық кезеңдерін (ИИК, Басқарма, ИСК, Директорлар кеңесі) мақұлдау бойынша корпоративтік рәсімдер өткізуді қоса алғанда, күрделі жобаларды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

2)         ЕТҰ/Қоғам бастамашылық ететін, Қоғамның және Қордың уәкілетті органдарының (ИИК, Қоғам Басқармасы, Қор ИСК/Қоғам СД) қарауына шығарылатын күрделі жобалар (жаңа құрылыс, кеңейту, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру/жаңғырту жөніндегі жобалар) материалдарының пакетін қарау мен оны келісуді ұйымдастырады;

3)         мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, жобаның ТЭН-ін әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

4)         күрделі жобалар бойынша шығыстар тізбесі мен жоспарын қалыптастырады;

5)         Қоғамның күрделі жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру және инвестициялар тарту мәселелері бойынша инвесторлармен, қаржы институттарымен, консультанттармен келіссөздер, кездесулер ұйымдастырып, оларға қатысады;

6)         заңнама талаптарының, халықаралық қаржы ұйымдарының нормалары мен қағидаларының, халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарта отырып орындалатын жобалар бойынша келісімдер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

7)         жобалардың Қоғамның Инвестициялық саясаты мен Стратегиясының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізеді;

8)         күрделі жобаларды бағалауға және іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде сыртқы консультанттармен жұмыс жүргізеді;

9)         Күрделі жобалар қосалқы портфелін қалыптастыру үшін күрделі жобаларды айқындау мен саралау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және жобалар бойынша шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

10)       акционермен, Қоғамның күрделі жобаларын ИИДМБ-ға, республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу жөніндегі мемлекеттік және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

11)       күрделі жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды орындау кезінде акционермен, серіктестермен, мердігерлермен, кредиторлармен, мемлекеттік және уәкілетті органдармен, сыртқы консультанттармен өзара іс-қимыл жасайды;

12)       Инвестициялық саясат пен инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

13)       Қоғамның Даму стратегиясын, Қоғамның Инновациялық-технологиялық стратегиясын, Қоғамның және ЕТҰ-ның Инвестициялық бағдарламасын, қадағалайтын бағыттары бойынша Қоғам мен ЕТҰ-ның Даму жоспарын және Қоғамды дамытудың басқа да құжаттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады;

14)       күрделі жобалар бойынша қаржылық модельдерді қарайды, келіседі және мониторинг жүргізеді;

15)       күрделі жобаларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;

16)       Қоғамның жобалары мен іс-шараларының портфелін басқару жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде Жобалар мен іс-шаралар портфелін қалыптастыру, теңгерімдеу, уәкілетті органдардың қарауына уақтылы шығару, Портфельдегі өзгерістерді іске асыру мен басқару мониторингі рәсімдерін жүзеге асырады;

17)       Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігіне қосалқы портфельдерге жауапты ҚБ-дан қосалқы портфельдердің компоненттері бойынша ұсынылған материалдарды тексереді;

18)       дамуға арналған шығыстар үшін ақшалай қаражаттың жалпы сыйымдылығын қалыптастыру және болжамды ақшалай қаражатын Қосалқы портфельдер арасында бөлу жөніндегі жұмысқа қатысады;

19)       өзге де жобалар мен күрделі салымдар іс-шараларының қосалқы портфелінің, оңтайландыру жобаларының қосалқы портфелінің және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар жобаларының қосалқы портфелінің мониторингтік есептерін қарау бойынша жұмысты жүзеге асырады;

20)       Жобалар мен іс-шаралар портфелінің жоспарланған көрсеткіштерінің жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және талдау жасайды;

21)       Жобалар мен іс-шаралар портфелінің жай-күйі туралы айлық / тоқсандық / жартыжылдық мониторингтік есептерді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;

22)       күрделі жобалар мен Портфельді басқару үшін әдіснамалық базаны өзектендіреді;

23)       Қоғамның және ЕТҰ-ның инвестициялық қызметі бойынша таныстырылымдар, есептер (оның ішінде жобалар бойынша Қор ИК тапсырмаларын орындау бойынша) және анықтамалар дайындайды;

24)       инвестициялық жобалар портфелінің бизнес-бастамаларына басымдық беру және саралау үшін деректер жинайды және оларға талдау жасайды;

25)       инвестициялық жобалардың теңгерімді портфелін қалыптастыру үшін бизнес-бастамаларды саралау мен басымдық берудің бекітілген критерийлері бойынша тиімділік көрсеткіштерін есептейді;

26)       инвестициялық жобалардың тиімділік көрсеткіштері бойынша жиынтық талдау кестесін қалыптастырады;

27)       жобалар мен іс-шараларды іске асыру барысында қажетті барлық есептеу түрлерін жүргізеді: инвестициялық жобалардың өтелуі үшін қажетті тарифтерді есептеу, қаржыландырудың қажетті құрылымын есептеу, тәуекелдерді есептеу және жобалардың сезімталдығын талдау және т. б.;

28)       пайдалану кезеңіне шыққан инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізеді;

29)       КО мен ЕТҰ-ның қадағалайтын ҚНК бойынша жоспарлы есептер ақпаратын, сондай-ақ Қоғам мен ЕТҰ басшылығының ҚНК орындау бойынша есепті қалыптастыру кезінде ақпарат береді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Жоғары кәсіби білім (экономикалық, қаржы, энергетика)

Жобаларды басқару бойынша мынадай халықаралық кәсіби сертификатының болғаны жөн: РМВОК, РМА, IPMA.
Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл

Инвестициялық жобаларды жинау және талдау, оларды мүдделі тараптармен келісуді ұйымдастыру тәжірибесі;

Жобаларды басқару процесін автоматтандыру тәжірибесі;

  Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері мен құралдарын білу;

Қызмет бейініне сәйкес заңнамаларды, халықаралық қаржы ұйымдарының нормалары мен қағидаларын білу;

Ағылшын тілін білу (білгені дұрыс);

Мүдделі тараптармен тиімді келіссөздер жүргізу дағдылары;

 Іскери хат-хабар алмасу дағдылары;

 Коммуникативтік және таныстырылым жасау дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • ) Навыки деловой переписки.
  • 10) Знание английского языка (желательно);
  • 12) Коммуникативные и презентационные навыки.
  • 2) Опыт автоматизации процессов управления проектами
  • 3) Знание методов и инструментов оценки инвестиционных проектов
  • 6) Навыки ведения эффективных переговоров с заинтересованными сторонами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман