Дефектоскопист

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
719

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Бұзбайтын бақылау және диагностика бойынша жұмыстар жүргізуді жүзеге асырады • Жөндеу кестелері, ұйымның өтінімдері, шарттар, жұмыс жоспарлары негізінде жұмыстардың сапасын бақылауды жоспарлайды және жүзеге асырады. • Тапсырмалар журналына жаза отырып тікелей бағыныштыларға тапсырмалар береді; • Бағынысты жұмыскерлерге нұсқау беру мерзімдерінің сақталуын қадағалайды; • Бағынысты жұмыскерлердің бұзбайтын бақылауды орындау сапасын бақылайды. • Қажет болған жағдайда инспекциялық бақылау жүргізе отырып, дербес немесе бағынысты жұмыскерлер бақылайтын бақылау объектілерінің сапасы туралы қорытынды береді; • Өлшеу құралдарының, аспаптардың, олардың қозғалысының жедел есебін жүргізеді; • Бөлімшенің өлшеу құралдарына, аспаптарға қажеттілігін есептеуді жүзеге асырады, оларды сатып алуға өтінімдер жасайды; • Өз иелігіндегі эталондардың, тексерілетін өлшеу құралдарының, бұзбайтын бақылау құралдарының сақталуын қамтамасыз етеді; • Аспаптарды, өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеруге, жөндеуге және алуға уақтылы ұсынуды жүзеге асырады; • Бұзбайтын бақылау құралдарының, коммуникациялардың, өндірістік мүкәммалдың және жеке қорғаныс құралдарының жарамды жай-күйі мен дұрыс пайдаланылуын бақылайды; • Ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді; • Бақылаудың жаңа техникасы мен технологиялық процестерін меңгереді • Бақылау жүргізу процесінің технологиялық тәртібін сақтайды; • Шығын материалдарын үнемді пайдаланады. Бағынысты жұмыскерлерді тапсырмамен және оны қауіпсіз орындау тәсілдерімен уақтылы таныстырады, жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлейді; • Пайдаланылатын қорғаныс құралдарының, сақтандыру құрылғыларының, құрылғылар мен қоршаулардың жай-күйін бақылайды; • Бағынысты жұмыскерлердің еңбекті қорғау, радиациялық және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды, құпиялылық режимінің талаптарын, қызметтік, коммерциялық және мемлекеттік құпияны сақтауды, құпия сипаттағы мәліметтерді жария етпеуді орындауын бақылайды. • Технологиялық жабдыққа жөндеуді және уақтылы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу; • Өз қызметі шегінде жабдықтың барлық түрлеріне жөндеу-пайдалану паспортын жүргізу; • Технологиялық жабдықтарды күнделікті қарауды ұйымдастыру, сондай-ақ тікелей басшымен апта сайынғы қарауға қатысу; • Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. • Технологиялық жабдықтың жоспарлы-алдын алу жөндеулерін ЖАЖ (жоспарлы-алдын алу жөндеу) кестелеріне сәйкес орындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау; • Жабдықтарды, олардың тораптары мен бөлшектерін жөндеуді орындау сапасын белгіленген технологияға сәйкес және белгіленген мерзімде бақылау; • Жабдықтарды, олардың тораптары мен бөлшектерін жөндеу сапасын жақсарту, сондай-ақ технологиялық процестерді жетілдіру жөніндегі іс-шаралар мен ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; • Қосалқы бөлшектердің, бөлшектердің, майлау материалдарының болуын және пайдаланылуын бақылау және олардың өз қызметі шеңберінде уақтылы толықтырылуын қамтамасыз ету; • Дайын айналымдағы технологиялық жабдықтың болуын бақылау; • Ауа өткізгіштер жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін, жұмыс орындарын жарықтандыруды, көтеру механизмдерін, монтаждық лесаларды және басқа да жабдықтар мен механизмдерді қамтамасыз ету; • Технологиялық жабдықтарды жөндеуді жақсартуға бағытталған озық еңбек әдістері мен тәсілдерін, рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстарды зерделеу, тарату және енгізу; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша апта сайынғы нұсқаулықтар өткізу, өндірістік жарақаттанудың себептерін тергеуге қатысу; • Оқытуды ұйымдастыру, қарамағындағылардың лауазымдық міндеттерін, қауіпсіздік техникасы қағидаларын және жұмыстарды жүргізу технологиясын мерзімді тексеруді ұйымдастыру; • Бөлім жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік және еңбек тәртібі, ішкі еңбек тәртібі ережелері мен нормаларын сақтауын бақылау; • Жұмыскерлердің қызметін үйлестіру, кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар, оларды орналастыру және орынды пайдалану; • Өндірістік қызмет туралы есептілікті жоспарлау, есепке алу және дұрыс жасау; • Өз құзыреті шегінде тікелей басшының, Бас директордың және басқа да Компания басшыларының, сондай-ақ өндірістік және жедел кеңестердің жекелеген тапсырмалары мен қойылған міндеттерін орындау; • Жабдықтың жұмысындағы ақауларды жоюға көмек көрсету; • Қажет болған жағдайда ҚР қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс берушінің актілерін сақтай отырып, қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеу, қойылған міндеттерді іске асыру үшін ТЖҚ сатып алу үшін бөгде ұйымдармен шарттар жасасуға бастамашылық жасау және мердігер ұйымдардың жұмыстардың орындалуын бақылау; • Қажет болған жағдайда тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияға қатысу • Қарамағындағыларды жұмыс берушінің актілерімен және Компанияның өзге де құжаттарымен уақтылы таныстыру; • Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс бөлу, қарамағындағылардың лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу (қарамағындағылар болған жағдайда); • Компания басшылығының тапсырмасы бойынша не өз бастамасы бойынша Компанияның құжаттарын, орындалатын жұмысқа қатысты жұмыс берушінің актілерін әзірлеу; • Білікті жұмыскерлердің бөлімше штатын қалыптастыруға қатысуы (қарамағындағылар болған жағдайда); • Қарамағындағылардың қызметіне басшылық жасау және бақылау және қарамағындағылардың өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауы (қарамағындағылар болған кезде); • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда); • PRG-COM-02 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулық" талаптары мен ережелерін сақтау; • PP-COM-01 "Іскерлік этика саласындағы саясат" және REG-COM-05 "Мінез-құлық және іскерлік этика кодексінің»талаптары мен ережелерін сақтау; • RM-02 « «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекел-тәбетін және негізгі тәуекелдеріне төзімділігін анықтау және мониторинг жасау», RM-01 «Инкай»БК»ЖШС-ң негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жасау» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және «Инкай» БК» ЖШС тәуекелдерін басқару әдістерін айқындау қағидалары» және PP-RM-01 «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекелдерді басқару саясаттарының» ережелерінің талаптарын сақтау (егер жұмыскер тәуекел иесі болса); • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үдерістерін, шешімдерді қабылдау үдерісі және Компанияның басқарушылық есептілігін Компанияның тиісті бизнес-үдерістеріне біріктіру бойынша жұмымтардың орындалуын қамстамасыз ету; • Тәуекелдер деңгейін немесе олардың жүзеге асу салдарларын төмендету мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру; • Компанияның Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау; • Комплаенс жөніндегі офицеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша (кіріс хат-хабар алмасуды қоса алғанда), және болған жағдайда қызметтік тексеру туралы ақпарат пен осындай тексерулердің нәтижелерін ұсыну.

Білім:

Жоғары кәсіптік (техникалық) білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • Кәсіпорын өнімдерін өндіру технологиясының негіздері; • Кәсіпорында жөндеу қызметін ұйымдастыру; • Жабдықтардың жұмысын жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі мен әдістері; • Технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын алу жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі; • Өндірістік қуаттар, техникалық сипаттамалар, құрылымдық ерекшеліктер, кәсіпорын жабдықтарының мақсаты мен жұмыс режимдері, оны пайдалану ережелері; • Жабдықтарды монтаждау және жөндеу, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы әдістері; • Ақаулар ведомостарын, паспорттарды, қосалқы бөлшектер сызбаларының альбомдарын, жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттамаларды жасау тәртібі; • Жөндеуден кейін жабдықты қабылдау және тапсыру ережелері; • Өнімді өндірудің және жабдықты жөндеудің технологиялық процесі; • Апаттың алдын алу жөніндегі алдын алу шараларын жүзеге асыруға жеке қатысу нормативтері; • Өндіріске байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу әдістемесі.

Қосымша:

Механика, гидравлика, пневматика саласындағы білім Кәсіби сертификаттаудың болуы-жақсырақ "В"санатындағы жүргізуші куәлігі

Білетін тілдер:

Қазақша (ауызекі) Орыс (ауызекі)