"KTZ Express" АҚ кірістер мен шығыстарды есепке алу департаментінің кешенді және өзге де тасымалдар бойынша функционалдық бағытының менеджері (16 грейд)

Жалақы көрсетілмеген
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
42

Қаралған саны:
263

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында клиенттік базаны және қоғамның кірістерін ұлғайту мақсатында тасымалдарды сапалы және уақтылы жабу (қызметтерді қабылдау)нәтижесінде кешенді тасымалдаулар және өзге де тасымалдаулар бағыты бойынша қызметтерді жеткізушілер (бірлесіп орындаушылар) алдындағы шығыстарды барынша азайту жолымен тасымалдардың өзіндік құнын оңтайландыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты орындайды;
  • Келісілген тарифтік талаптардың дұрыс қолданылуын және тасымалдауға қатысушылар арасындағы шарттық қатынастардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Клиенттер алдындағы тасымалдарды жабады, кешенді тасымалдау және өзге де тасымалдаулар бағыты бойынша Клиенттермен жасалған шартқа және ШРК-ға сәйкес белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, орындалған жұмыстар актілері мен шот-фактураларды жазады;
  • Бекітілген жоба картасы шеңберінде Қоғамның тасымалдары мен шығыстарының қымбаттауына жол бермеу мақсатында қызметтерді жеткізушілермен (бірлесіп орындаушылармен) белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, талап қоюды жүргізу бойынша сапалы жұмысты ұйымдастырады

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Логистика (терминалдық-қойма қызметі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Экономика; құқықтану; Менеджмент; бағалау; Аймақтану, Халықаралық қатынастар Кеден дело; Есеп және аудит; Қаржы және кредит
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі, қызметтердің көліктік – логистикалық секторын дамыту, клиенттік базаны тарту, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту және іске асыру, көліктік-логистикалық жүйені бағалау, талдау және мониторингтеу, сондай-ақ жаңа логистикалық өнімдерді енгізу және оларды ілгерілету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі.

Қосымша талаптар:

  • Шетелдік институттарда немесе кәсіби ұйымдарда Көлік логистикасы/маркетинг/сату/ жобаларды басқару бойынша курстардан, бағдарламалардан немесе кәсіби сертификаттаудан өткені туралы сертификаттардың/дипломдардың болуы.
  • Қосымша шет тілдерін білу
  • тасымалдау процесіне байланысты автоматтандырылған басқару жүйелерінде жұмыс істей білу.
  • қызмет бейініне қатысты біліктілік анықтамалықтарымен, заңнамалық, мемлекеттік және басқалармен, актілермен және нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр