«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Өндірістік-техникалық қызметінің Жөндеу-эксплуатациялық қызмет көрсету және телекоммуникация жабдықтары тобының инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
440

   Конкурс туралы
Бос жұмыс орны
  «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Өндірістік-техникалық қызметінің  Жөндеу-эксплуатациялық қызмет көрсету және телекоммуникация жабдықтары тобының инженері»
 
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
  • «Алматы ЖЭТ» филиалының объектілерінде ЖЖМ шығысы бойынша автотехниканы пайдалану жұмыстарын тексереді;
  • өндірістік-техникалық құжаттаманы жүргізеді және ресімдейді;
  • Филиал қоймасына түгендеу жүргізуге және қайта бағалауға қатысады;
  • автотехника мен ЖЖМ-ге техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қажетті сомалардың есебін тексереді;
  • жылдық, тоқсандық, айлық жоспарлардың орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады, АЭТ, қызметтердің автотехниканы пайдалану және ЖЖМ шығысы жөніндегі айлық есептерін тексереді, олардың «Алматы ЖЭТ» филиалының жылдық жоспарларына сәйкестігін тексереді;
  • автотехниканы пайдалану қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және жүргізу, жөндеу науқанына құжаттама жасау және автотехника мен ЖЖМ бойынша жылдық есеп беру мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге қажетті әдістемелік және консультациялық көмек беруді қамтамасыз етеді;
  • өзге де негізгі құралдарды пайдалануға арналған шығындар бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылайды;
  • басқа да негізгі құралдарға арналған материалдар шығындары бойынша жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысады;
  • ТК бөлігінде «Энергоинформ» АҚ Алматы филиалының (бұдан әрі – «Энергоинформ» АҚ АФ) қызметіне қатысты қызметтердің орындалуын қадағалайды;
  • «Энергоинформ» АҚ АФ қызметіне қатысты техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қажетті ТК бөлігіндегі сомалардың есептеулерін тексереді;
  • «Энергоинформ» АҚ-ның ТК бөлігіндегі жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және талдайды, орындалған жұмыстар актісінің айлық есептерін тексереді, олардың «Алматы ЖЭТ» филиалының жылдық жоспарларына сәйкестігін тексереді;
  • ТК жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді, ТК жабдықтарының жұмысындағы ескертулерді уақтылы жоюды, «Энергоинформ» АҚ АФ персоналының жұмыстарды орындау сапасын бақылауды жүзеге асырады. Бір айда орындалған жұмыстардың актісіне бұрыштама қояды;
  • «Энергоинформ» АҚ АФ айлық жоспарларының орындалуын,  ТК жабдықтарын ЖПЖ жоспарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • ТК саласындағы филиалды дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
  • жаңадан енгізілетін және жөндеуден өткен ТК жабдығын пайдалануға қабылдауға қатысады;
  • ТК жабдығының келіп түскен жаңа үлгілерін сынауды бақылауды жүзеге асырады;
  • ТК саласындағы жабдықтар мен жүйелерді монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарының сапасын, ТК бөлігінде жаңа жабдықты енгізу және қолданыстағы жабдықты реконструкциялау кезінде құжаттаманың ресімделуін бақылауды жүзеге асырады;
  • жаңадан салынатын ТК жүйелерінің сапасы мен құрылысының барысын бақылауды жүзеге асырады;
  • «KEGOC» АҚ филиалының объектілеріндегі ТК және АТ жабдықтарын және «Энергоинформ» АҚ АФ-ға ЖПЖ және ағымдағы пайдалану үшін берілген материалдарды түгендеуге қатысады;
  • «Энергоинформ» АҚ АФ-мен бірлесіп, ТК және АТ жабдықтарына қажеттілікті және НҚ есептен шығару бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін филиал объектілеріндегі ТК және АТ жабдықтарының жай-күйін зерттеуге қатысады;
  • ТК қажеттіліктері үшін ТМҚ және НҚ-мен уақтылы қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады;
  • материалдық-жауапты тұлға (МЖТ) болып табылады, «Алматы ЖЭТ» филиалы бойынша бөгде ұйымдардан  орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жеткізуде «Энергоинформ» АҚ тиісті бөлімдерімен және өкілдерімен бірлесе НҚ қабылдауға қатысады;
  • бухгалтерияның амортизациялық аударымына сәйкесінше АҚ Бюджет комитетіне беру арқылы «Алматы ЖЭТ» филиалының комиссиясымен келісілген НҚ-ны есептен шығаруды жүргізеді және шарт бойынша кәдеге жаратуға тапсыруды бақылайды;
  • «Алматы ЖЭТ» филиалының және АЭТ-тердің барлық бөлімшелерін ұйымдастыру техникасымен уақтылы қамтамасыз ету;
  • бөлімшелер мен АЭТ-тер бойынша ЖЖМ шығысы және НҚ-ны есептен шығару бойынша айлық есептерді қабылдауға қатысады;
  • бөлімшелер мен АЭТ-тердің талап етуі бойынша НҚ орнын ауыстыруды жүргізу;
  • «Алматы ЖЭТ» филиалында өкімдік құжаттар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
  • Қызметтің өндірістік қызметіне қатысты бастықтың өзге де өкімдерін орындайды;
  • «Алматы ЖЭТ» филиалының мүлкі мен НҚ-ны түгендеуге қатысады; АЭТ-тер және филиал бөлімшелерінен немесе АҚ-дан есептен шығаруға ұсынылған амортизацияланған және амортизацияланбаған қосалқы бөлшектерге сәйкес ай сайын жинақтап, филиал бойынша есептен шығаруға бұйрық дайындайды.
Талаптар:

Білім деңгейі

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетикасы саласындағы техникалық /телекоммуникация

Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша

Электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

-

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·                   Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы III топтан төмен болмауы тиіс;

·                   Өндірістік-техникалық қызметте қолданылатын құжаттардың тізбесінде айқындалған көлемде электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары саласындағы мамандандырылған білім;

• Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласындағы теориялық және практикалық білім;

·                  Электр энергетикасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау органдарының заңнамасы мен талаптарын білу;

·                  Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;

·                  Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);

·                  Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі.;

Лицензиялар, сертификаттар

Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

·  MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·  Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу

 
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-дан 17:00-ға дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7
  
Бос қызмет орны тұрақты болып табылады.
 
Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 27 мамырға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)