«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» - «Тараз көлік оқу орталығы» филиалы директорының орынбасары

383709 - 401944
Филиал АО "НК "ҚТЖ" - "Таразский учебный центр транспорта" Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
221

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • "ҚТЖ "ҰК"АҚ кәсіпорындары үшін кәсіптер бойынша қызметкерлерді кәсіптік және өндірістік даярлаудың оқу сабақтарының жылдық оқу жоспарлары мен кестелерін әзірлейді;
  • Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • Оқу орталығында әдістемелік және мәдени-тәрбие жұмысын қамтамасыз етеді;
  • Оқытушыларды сапалы іріктеуді қамтамасыз етеді: алдын ала әңгімелесу өткізеді және оқу орталығының директорына шешім қабылдау үшін кандидаттардың құжаттар пакетін ұсынады;
  • Филиалдың әдістемелік кеңесінің жұмысына қатысады, оқу-әдістемелік нормативтік базаны әзірлеуге көмек көрсетеді;
  • Оқу, модификацияланған бағдарламалар жобаларын, оқу-әдістемелік құжаттаманы, оның ішінде тест тапсырмаларын әзірлеуге қатысады;
  • Тыңдаушыларды қабылдау, оқыту және шығару бойынша есептер жасайды;
  • Оқу орталығының экономикалық, кадрлық, шаруашылық және сатып алу қызметіне жалпы жетекшілік етеді.
Біліктілік талаптары:
Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби.
Мамандығы: персоналды басқару, психология, экономика/қаржы, филология, әлеуметтану, Құқықтану, педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар), теміржол мамандықтары, техникалық мамандықтар, логистика, менеджмент және/немесе бизнес функциясымен байланысты. Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болғаны жөн.
Жалпы жұмыс тәжірибесі:
Міндетті: "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының компаниялар тобымен (бұдан әрі – "ҚТЖ "ҰК"АҚ) қызметтің ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша салыстырылатын компанияларда және/немесе қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс істеу.
Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі:
Міндетті: "ҚТЖ "ҰК"АҚ компаниясының тобымен қызметтің ауқымы, күрделілігі және табыс көлемі бойынша салыстырылатын қызмет бейіні бойынша және/немесе компанияларда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы