"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Ақтөбе бөлімшесі ЖТ" филиалының Қандыағаш станциясының сұраптау дөңесінің операторы

251604 - 262302
НОД-11 (Актобинское отделение ГП) Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
128

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Басқару пульті арқылы автоматтандырылған (механикаландырылған) сұрыптау дөңесінен вагондар құрамын түсіру. Кесулер арасындағы қажетті аралықтарды және сұрыптау алаңында вагондарды қосудың қажетті жылдамдығын қамтамасыз ету үшін вагондардың қозғалыс жылдамдығын баяулатқышпен тежеу арқылы реттейді. Тежеу кезіндегі аса сақтықты қажет ететін жүгі бар вагондарды, кесу бағыты өзгертілген, пойыздарды тарату тәртібін туралы ақпарат беріп отырады. Маневр жұмысы кезінде  парктің шығыс бөлігінде тежегіш болуын, бос жолдарда зарядтың болуын тексереді. Сұрыптау паркінде баяулатқышпен вагонның қозғалыс жылдамдығын реттейді.

Біліктілік талаптары:

Білімі
1.жоғары немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі
2.орта техниқалық және кәсіптік
3. орташа

Саладағы мамандық
1.Тасымалдауды және көлікті пайдалануды ұйымдастыру
2.Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

Жұмыс тәжірибесі
1.тәжірибеге қойылатын талаптар жоқ
2. пойыздарды қабылдаушу/ вагон жылдамдығын реттеуші  лауазымында кемінде 2 жыл
3. пойыздарды қабылдаушу/ вагон жылдамдығын реттеуші  лауазымында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж