Лауазымдық жауапкершілік:
1 Бөлімнің мамандануына сәйкес белгіленген мерзімде сапалы жобалық құжаттаманы әзірлейді және шығарады.
2 Өзі жобалаған объектілерді салу, монтаждау, ретке келтіру және пайдалануға беру кезінде авторлық қадағалауды жүзеге асырады.
3 Әзірленетін жобалық шешімдердің нормативтік-техникалық құжаттамаға, жобалауға арналған тапсырмаға және бастапқы деректерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.
4 Технологиялық құбырлардың есебін, технологиялық тізбектің өнімділігін, үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша санаттарды жүзеге асырады.
5 Түсіндірме жазбаның «Технологиялық шешімдер» бөлімін әзірлеуге қатысады.
Білім:
Санатсыз 1/2-санаты инженер-жобалаушы - жоғары техникалық білімДағдылар:
Сыртқы ресурстан қабылдау кезінде талап қойылмайды.
Ішкі ресурстан ауыстыру кезінде білуі тиіс:
«ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелері;
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары;
құпиялылық режимінің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияның сақталуының талаптары, өткізу және объектішілік режимнің талаптары, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптар.
Санатсыз инженер-жобалаушы: талаптар қойылмайды.
2-санатты инженер-жобалаушы: санатсыз инженер-жобалаушы лауазымындағы немесе жобалау ұйымындағы инженерлік лауазымдардағы жұмыс өтілі-2 жылдан кем емес.
1-санатты инженер-жобалаушы: 2-санатты инженер-жобалаушы лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес немесе жобалау ұйымында инженерлік лауазымдардағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес
Қосымша:
Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайы;
- жұмыс барысында аммиак, тұз қышқылы булары; тантал, ниобий шаңдары, олардың қосылыстары, кварц-флюорит; фторлы және хлорлы қосылыстар аэрозольдері, минералды майлар; натрий, иттрий, лантан оксидтері; жұмсақ рентгендік сәулеленуі әсерінен еңбек жағдайлары зиянды цехтар мен өндірістерге баруы мүмкін;
- фторлы сутектінің әсерінен 2-дәрежелі зиянды еңбек жағдайы;
- бериллий және оның қосылыстарымен, иондаушы сәулелер әсерінен 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайы.
Жұмыс режимі және демалыс:
5 - күндізгі жұмыс аптасы кезінде - 8.00 бастап 16.45 дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі
Зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс режимі және демалыс:
5 - күндізгі жұмыс аптасы кезінде - 8.00 бастап 16.12 дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі
Болжамды еңбек ақы мөлшері: Санатсыз инженер-жобалаушы 188588 теңгеден бастап;
2 санатты инженер-жобалаушы 204177 теңгеден бастап;
1 санатты инженер-жобалаушы 220270 теңгеден бастап.
Білетін тілдер:
-