Compliance Officer/MLRO – Комплаенс офицер/ Сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша офицер

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
2970

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Комплаенс тәуекелдерін, оның ішінде Орталықтың бизнес-процесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және мониторингілеу, оларды басқару және азайту жөніндегі шараларды әзірлеу;
  • Орталықтың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу талаптарының сақталуын бақылау, сатып алулар кезінде үміткерлерді іріктеу, Орталықтың үшінші тұлғалармен мәмілелерді жасау барысында контрагенттер (іскерлік серіктестер, кандидаттар) сенімділігін тексеру;
  • Сатып алулар кезінде Орталықтағы бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеуді қоса алғанда, мүдделер қақтығысын анықтау, бақылау және шешу бойынша шаралар қабылдау;
  • Орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасы шеңберінде қаржылық бақылау шараларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауын қамтамасыз ету;
  • Жедел желіге келіп түскен Орталықтағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштерді қарау, олардың уақытылы орындалуын бақылау;
  • Орталықтағы комплаенс жүйесінің жұмыс істеуі және комплаенс-тәуекелдерді басқару туралы Орталық Кеңесіне ақпарат/есепті дайындау;
  • Сәйкестік пен АЖ/ТҚҚ саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
  • Орталық қызметкерлеріне сәйкестік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, АЖ/ТҚҚ бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу, Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа, КЖ/ТҚҚ-ға қарсы күрес, Орталық ішінде және контрагенттермен қарым-қатынаста іскерлік этиканы сақтау мәселелері бойынша Орталықтың басшылығы мен құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік қолдау көрсету;
  • Орталықтың ішкі тәртібі мен ережелеріне сәйкес талаптарды сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Талаптар:

- мамандандырылған бағыттар бойынша жоғары кәсіби білім: құқық, қаржы, экономика;

- кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде: комплаенс саласында кемінде 3 жыл (соның ішінде ішкі аудит, ішкі бақылау, комплаенс, тәуекелдерді басқару, құқықтық қолдау);

- сыбайлас жемқорлыққа, АЖ/ТҚҚ-ға қарсы күрес саласындағы қазақстандық заңнаманы, АХҚО қолданыстағы заңын түсіну;

- сәйкестік сертификаты артықшылық береді: («ICA International Diploma in Governance Risk and Compliance» немесе сәйкестік саласындағы халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар берген, біліктілік емтиханын тапсыруды көздейтін осыған ұқсас жоғары деңгейдегі сертификаттар), АЖ/ТҚҚ саласындағы сертификаттары;

- тілдерді еркін меңгеруі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу (деңгейі Intermediate-ден төмен емес).

Шарттар:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • аналитический склад ума, пунктуальность, внимательность, исполнительность; стрессоустойчивость.
  • - Умение работать в напряжении и многозадачности
  • нацеленность на достижение результата
  • Умение проводить надлежащую проверку контрагентов
  • навыки по проведению внутренних расследований

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)