«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қала маңы тасымалы филиалының экономикалық қамтамасыз ету функционалдық бағытының жетекші инженері (мұрағатшысы)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Мұрағатқа түскен құжаттардың сақталуын ұйымдастырады және сақталуын қамтамасыз етеді;
- Құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келіп түскен, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдайды және тіркейді;
- Істер номенклатурасын әзірлеуге қатысады, мұрағатқа тапсыру кезінде олардың қалыптасуы мен ресімделуінің дұрыстығын тексереді;
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтау бірліктерін шифрлайды, файлдарды жүйелейді және орналастырады, олардың есебін жүргізеді;
- Тұрақты және уақытша сақтау мерзімдері бірліктерінің жиынтық тізімдемелерін, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруге, сақтау мерзімі өтіп кеткен материалдарды есептен шығаруға және жоюға актілер жасайды;
- Құжаттардың анықтамалық аппаратын құру жұмыстарын жүргізеді, ыңғайлы және жылдам іздеуді қамтамасыз етеді;
- Мұрағат құжаттарының ғылыми-тәжірибелік құндылығын сараптау жөніндегі жұмыстарға қатысады;
- Құжаттардың жай-күйін, оларды қалпына келтірудің уақтылылығын, мұрағат үй-жайларында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлардың сақталуын бақылайды;
- Мұрағат үй-жайларында өртке қарсы ережелердің сақталуын қадағалайды;
- Келіп түскен сұраныстарға сәйкес мұрағаттық көшірмелер мен құжаттарды береді, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер бойынша қажетті анықтамалар ресімдейді, мұрағат жұмысы туралы есеп беру үшін мәліметтер дайындайды;
- Мұрағат құжаттарының құндылығын сараптау жұмыстарына қатысады;
- Жұмыста заманауи техникалық құралдарды қолдану бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандықтар: темір жол көлігі; экономика; құқықтану; қаржы
- Жұмыс тәжірибесі: тәжірибеге қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж