«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» жолаушылар тасымалы бойынша облыстық филиалының кірістерді есепке алу бөлімінің 1 санатты бухгалтері

от 331355
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Северный" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
254

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Қол қойылған тізбе және ЛФК/БК-дан алынған бұйрықтар негізінде пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақша қаражатын қайтару үшін тізілімді қабылдау, үш жұмыс күні ішінде шығыстарды қаржыландыруға өтінім дайындау және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға жіберу.
  • Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары үшін ақшалай қаражатты қайтару және оларды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға электрондық құжат айналымы ЭҚА бойынша жіберу үшін шығыстарды қаржыландыруға өтінімдер жасау.
  • Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттері) үшін төлемдерді жолаушылар мен ұйымдарға талап ету бойынша қайтару, оларды бухгалтерлік есепте жүргізу үшін бұйрықтарды өңдеу және бақылау.
  • Ай сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға жеке тасымалдаушылар бойынша шағымдық қайтарулар бойынша сомалар мен сканерленген нұсқаларын (билеттер, бұйрықтар) ұсыну.
  • Өтінімге сәйкес жолаушыларға төлем жүргізу бойынша бақылау жүргізу.
  • «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық филиалдарының POS –терминалдарының қолма-қол ақшасыз банктің үзінді көшірмесі бойынша сомаларды өңдеу және толық жазу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша немесе бухгалтер лауазымында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы