Тауар операторы

от 273528 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
2796

   Конкурс туралы

Білімі: Жоғары, техникалық және кәсіптік

Жұмыс тәжірибесі: кем дегенде 1 жыл

Білуі қажет: 

Жұмысшы мамандық бойынша міндеттер шеңберінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.

Алынатын өнімге арналған стандарттар.

Учаскенің технологиялық үдерісінің физикалық-химиялық негіздері.

Учаскенің технологиялық сұлбасы, сумен жабдықтау, кәріз және электрмен жабдықтау сұлбалары, учаскенің өндірістік ғимараттарының желдету сұлбалары.

Құрылғы, әрекет ету қағидаты және учаскенің жабдығын, арматурасын, коммуникациясын пайдалану қағидалары.

Бақылау-өлшеу құралдарының және автоматиканың мақсаты.

Слесір ісінің негіздері.

 

Міндеттері:

Өндірістер ішінен бензиндерді қабылдау бойынша технологиялық сұлбаларды жинайды.

Бензиннің қондырғылардан парк сұйыққоймаларына түсуін бақылайды, құю үдерісін, БӨҚжәнеА құралдары бойынша температураны байқап отырады.

Бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық тәртіп нормаларының сақталуын жүзеге асырады.

БӨҚжәнеА құралдарының көрсеткіштерін салыстырады.

Талдау сынамаларын іріктейді.

Талдау нәтижелері бойынша шикізат пен шығарылатын өнімнің сапасына бақылау жүргізеді.