Бериллий өндірісінің өндірістік-технологиялық бөлімінің технологиялық тобының II санаты, I санаты жоқ Инженер-технолог (30.05.2024 ж. №51-01-22/2610)-1 бірлік Өскемен қ.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
632

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

- Технологиялық құжаттаманы (ТҚ) және өнім өндіру үшін қажетті басқа да ілеспе құжаттаманы әзірлеуді, келісуді және бекітуді жүзеге асырады. - Басқа бөлімшелер әзірлеген құжаттаманы өзгерту туралы ұсыныстарды ресімдейді. - ТҚ және басқа да ілеспе құжаттаманы ағымдағы тексеруді және өзектендіруді жүргізеді, ИИ (ПИ) әзірлеуді, келісуді және бекітуді жүзеге асырады. - Ерекшелікке сәйкес өнімнің әрбір түріне «Технологиялық және конструкторлық құжаттама тізбесін» (ТҚ және ҚҚ тізбесі") әзірлейді және түзетеді. - «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы құжаттамасының талаптарына сәйкес, ТҚ жай-күйін, басқа да ілеспе құжаттаманы және өндіріс бөлімшелерінде технологиялық тәртіптің сақталуын тексеруді жүзеге асырады. - Анықталған сәйкессіздіктерге талдау жүргізуге және олардың себептерін анықтауға, түзету, алдын алу іс-әрекеттерін және өз құзыреті саласында жақсарту іс-әрекеттерін анықтауға және іске асыруға қатысады; - Өнім сапасы бойынша тұтынушылардың хабарламаларын қарауға қатысады. - Қолданыстағы технологияларды жақсарту және өнім өндірудің жаңа технологияларын әзірлеу мәселелері бойынша ҒО-мен өзара әрекетті жүзеге асырады. - ҒЗЖ және ТКЖ шарттары бойынша, оның ішінде бөгде ұйымдармен хат алмасуды жүргізеді және құжаттарды ресімдеуге қатысады. - Іскерлік хат-хабарларға қатысады: өнімді өндіру мүмкіндігі, келісімшарттық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша жауап жобаларын жасайды. Өз құзыреті саласында шарттарға (келісімшарттарға) және шарттардың (келісімшарттардың) жобаларына өтінімдерді қарау кезінде әзірлеушіге ұсыныстар мен ескертулерді ресімдейді. - Өндіріс бөлімшелерінің өндірістік қызметі мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік және нормативтік құжаттаманы әзірлейді. - Жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайында қолдану және өзінің білім деңгейін көтеру мақсатында "ҮМЗ" АҚ-ға келіп түсетін техникалық әдебиет пен құжаттаманы зерделейді және талдау жүргізеді. - Өндіріс қызметкерлерінің рационализаторлық және өнертапқыштық ұсыныстарын қарастырады, оларды қолдану бойынша ескертулер мен ұсыныстар береді. - Өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады. - СМ нәтижелілігін үнемі арттыруға қатысады. - БӨ ӨТБ ТТ басшысы жолдаған құжаттамамен уақтылы танысады. - БӨ ӨТБ ТТ басшысының және жоғары тұрған басшылықтың нұсқауларын, өкімдерін, бұйрықтары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Білім:

Санаты жоқ - орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік); Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім II және I санаттар - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім

Дағдылар:

Санаты жоқ - білуге тиіс: ДЭЕМ құралдары мен ұйымдастыру техникасы, құпиялық режимінің талаптарын, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау, өткізу және объектішілік режим ережелерінің талаптарын, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларын; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, менеджмент жүйесінің талаптарын. Экономика, өндірісті ұйымдастыру, техникалық-экономикалық жоспарлау негіздері ӨТБ ӨТ II / I санатты инженер-технологі қосымша білуге тиіс: өндіріс технологиясы, жабдық және оны пайдалану ережесі, ТҚ әзірлеу жөніндегі нормативтік құжаттар. Қолданыстағы өндіріске арналған әдістемелік, нормативтік, технологиялық, жобалық және конструкторлық құжаттар. Өндірістің техникалық және экономикалық даму перспективалары, ТМД елдерінде және шетелде тиісті саладағы ғылым мен техниканың жетістіктері, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың тәжірибесі. Санаты жоқ орта техникалық және кәсіптік білімі бар болса - І санатты техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, жоғары техникалық білімі бар болса – ДЭЕМ және ұйымдастыру техникасын пайдаланушы деңгейінде білу; II санатты - инженер-технолог лауазымында немесе басқа инженерлік-техникалық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі; I санатты - инженер-технолог лауазымында немесе басқа инженерлік-техникалық лауазымдарда II санаттан төмен емес жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес.

Қосымша:

Еңбек шарттың мерзімі/ауысу мерзімі:- уақытша жұмыста жоқ қызметкерді алмастыру уақытына.Еңбек жағдайларының сипаттамасы - қалыпты еңбек жағдайлары; - бериллий мен оның қосылыстарының адам ағзасына өте зиянды әсерінен туындаған 1-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары. Жұмыс және демалыс режимі: 5 күндік жұмыс аптасында сағат 8:00-ден 16: 40-қа дейін демалыс күндері - сенбі, жексенбі Болжамды еңбек ақы мөлшері: санаты жоқ: 188 588 теңгеден бастап, II санатты: 204 177 теңгеден баста, I санатты: 220 270 теңгеден бастап

Білетін тілдер:

Талаптар қойылмайды