«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-«Алматы пайдалану вагон депосы» филиалының 2 - санатты қоршаған ортаны қорғау инженер-технологы (эколог)

282234 - 295710
ВЧД-25 АЛМАТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
111

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Қоршаған ортаға зиянды эмиссияларды азайту, қоршаған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануын азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану; заңнамалық, нормативтік техникалық құжаттарды, мемлекеттік және халықаралық стандарттарды сәйкестендіру және өзектендіру жөніндегі табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлау процестерін әзірлейді және орындайды;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық стандарттардың, салалық стандарттар талаптарының және компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметін регламенттейтін нормалардың сақталуын қамтамасыз ету; экологиялық аспектілерді анықтау, бағалау және тәуекелдерді басқару;
  • анықталған экологиялық аспектілерді және экологиялық тәуекелдер деңгейін ескере отырып, экологиялық менеджмент саласындағы мақсаттарды әзірлеу;
  • табиғатты қорғау іс-шаралары бойынша шығыстардың бюджетін жоспарлау; экология мәселелері бойынша бұйрықтарды, хаттамаларды, жоспарларды және өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамаларды жобалау . қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға және процестер технологиясына өзгерістер енгізу, сондай-ақ түзету іс-қимылдарының жоспарларын келісуге қатысу; қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған табиғат қорғау қызметі жөніндегі іс-шараларды орындау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық талаптарды сақтау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу (қайта қарау);
  • экология бойынша рұқсат құжаттарын алу. экологиялық аспектілер мен тәуекелдерді есепке алу мен талдауды жүргізу; экологиялық менеджмент саласында жаңадан енгізілетін сыртқы құжаттардың талаптарына мониторинг жүргізу. қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; табиғат қорғау іс-шаралары бойынша шарттардың орындалуын бақылайды. 
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы