Өндірістік санитария және еңбек гиниенасы жөніндегі жетекші маманы

491000 - 491000 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
1079

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • кәсіпорындағы еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын жоспарлы және жоспардан тыс аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
  • кәсіпорынның өндірістік объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • жұмыскерлерді мерзімді медициналық тексеру нәтижелері бойынша емдеу-сауықтыру іс-шараларының кешенін әзірлеу (персоналды, диспансерлік есепте тұрған тұлғаларды сауықтыру кестелерін, персоналды сауықтыру бағдарламаларын жасау);
  • шешімдерді уақтылы қабылдау мақсатында, жұмыскерлердің денсаулық жағдайы бойынша деректерді талдау және өңдеу (есепті нысандарды жинау және өңдеу, статистика, аналитика, оның ішінде медициналық тексерулер жүргізу қорытындылары бойынша тәуекел тобын анықтау);
  • кәсіпорында бекітілген кестелерге сәйкес міндетті мерзімді медициналық қараулардан (тексерулерден) өтуді бақылау;
  • маусымдық ауруларды таратпауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды, сондай-ақ Бас санитарлық дәрігер қаулыларының талаптарын әзірлеу;
  • кәсіпорынның өндірістік объектілерінде медициналық қызметтер көрсететін мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша кәсіпорын персоналын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру (парамедиктер);
  • денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асыру;
  • денсаулық сақтау, аттестаттау, гигиена және санитария мәселелері бойынша инспекциялаушы органдардың нұсқамаларын орындау бойынша жауаптарды белгіленген мерзімде дайындау.

Біліктілік талаптары:

  • жоғары медициналық білім;
  • санитариялық-эпидемиологиялық саладағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
  • біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болуы.

Білімі мен дағдылары:

  • өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы санитарлық нормалар мен қағидаларды білу;
  • ҚР Еңбек кодексін білу;
  • міндетті медициналық тексерулер жүргізу қағидаларын білу;
  • өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын білу;
  • мемлекеттік тілді білу, мемлекеттік тілде іс жүргізу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр