бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің салық секторының салық менеджері

«Қазақстан – Қытай Құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
184

   Конкурс туралы

Міндеттері:

бухгалтерлік есеп деректерін мемлекеттік кірістер басқармасының дербес шоттарының деректерімен салыстыру;
жергілікті салықтар және басқа да міндетті төлемдер (701.01, 701.00, 700.00, 590.00, 851.00, 870.00), импорттық ҚҚС (328.00) бойынша салық тіркелімдері мен ҚНҚ құрастыру;
жергілікті салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
салықтар мен төлемдерді есептеу және төлеу бойынша басқару есептілігін, салықтар мен төлемдер бойынша статистикалық есеп беру үшін мәліметтерді дайындау;
хабарламаларға, мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаларына, мемлекеттік кірістер органдарымен хат алмасуға мониторинг жүргізу;
салықтық тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарымен жұмыс істеу, салықтық тексерулердің нәтижелеріне шағым жасауға қатысу;
Серіктестіктің негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін, тауарлық-материалдық қорларды және дебиторлық және кредиторлық берешекті түгендеуге қатысу;
салық есебін автоматтандыруға және оны енгізуге қойылатын талаптарды әзірлеуге қатысу;
жергілікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетті қалыптастыруға қатысу

Талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (экономика, қаржы, есеп, салық, аудит)
жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл

Ақпараттың үлкен көлемі бар Excel бағдарламасында жұмыс істеу, салықтық есептеулер үшін деректерді жүйелеу, жинау және талдау бойынша алдыңғы қатарлы дағдылар;

Ағылшын және қазақ тілдерін білу құпталады;

«Кәсіби бухгалтер» сертификатының, «DipIFR» сертификатының, «Салық кеңесшісі» сертификатының болуы, сонымен қатар ірі компанияда жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады.

Шарттары:

Бонустарды төлеу (мерекелер, тоқсан сайынғы KPI), әлеуметтік қолдау, медициналық сақтандыру

Қажетті қабілеттер

  • 1) профессиональные навыки в области бухгалтерского учета;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Бухгалтерлік есеп