Бас менеджер Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, аяқталмаған құрылыс, пайдалану құқығындағы активтердің есебін жүргізеді. Негізгі құралдар бойынша пайдаланушылар үшін жинақталған ақпаратты дайындайды. Негізгі құралдардың қызмет мерзімдерін қайта қарау туралы ақпаратты жинайды, тексереді және бекіту үшін ұсынады. Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және аяқталмаған құрылыс бойынша инвентаризация жүргізу кезінде қатысады, оның нәтижелерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді, жетіспеушілік, ұрлық, негізгі құралдардың зақымдануы бойынша материалдарды рәсімдейді. Келісімшарттар бойынша айыппұл санкцияларын есептейді. Актілерді, байланысқан тараптар бойынша актілерді АС формаларына сәйкес құрастырады;
- ПД-дан ақпарат жинау және МСФО талаптарына сәйкес резервтерді есептеу бойынша дайындық жүргізеді;
- Резервтерді, есептелген курстық айырмаларды, займдар бойынша шығындарды, кейінге қалдырылған табыс салығын есептеу және қаржылық құралдарды тану мен өлшеу бойынша МСФО талаптарына сәйкес тексеру жүргізеді, өз құзыреті шегінде;
- Займдар мен қаржылық құралдар бойынша шығындарды есепке алады және көрсетеді. Депозиттер бойынша есептелген сыйақыларды есепке алады;
- 1С УПП-де есепті кезеңді жабуды жүзеге асырады;
- Байланысқан тараптар бойынша тұтынушылармен және жеткізушілермен актілердің жинағын жинайды;
- 1-ПФ формасы бойынша статистикалық есептерді құрастырады (тоқсан, жыл);
- Компанияның бюджеті үшін ай сайынғы амортизацияны есептеу үшін ақпарат жинайды, тексереді және ұсынады. Компанияның бюджеті үшін амортизацияның жинағын құрастырады. Пайдаланушылар үшін негізгі құралдар бойынша жинақталған ақпаратты құрастырады;
- Және бас бухгалтердің басқа тапсырмалары.
Талаптар:
- Жоғары (қаржылық немесе экономикалық) білім, ҚР Қаржы министрлігімен аккредиттелген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымы берген кәсіби бухгалтер сертификаты.
- Қаржылық-бухгалтерлік жұмыс стажы 4 жылдан кем емес.
Шарттар:
- Жұмыс режимі дүйсенбі-жұма 08:00-ден 17:00-ге дейін
- төленетін демалыс
- компания есебінен оқыту
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Активтер мен міндеттемелер бойынша және жалақыны есептеу жөніндегі жетекші бухгалтер
«Taý-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniyasy» акционерлік қоғамы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.07.2026 | 145
«QazaGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас есепшісі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Талдықорған қ.
27.07.2026 | 749
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының бухгалтерлік есеп департаментінің шығыстарды есепке алу және есеп айырысу жөніндегі функционалдық бағытының менеджері (15-грейд)
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.07.2026 | 24
от 482 846