«QazaGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының бухгалтерлік есеп бөлімінің бас есепшісі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалы Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
747

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕРІ:

  • - Шаруашылық-қаржылық қызметтің бухгалтерлік есебін жүзеге асыру;
  • - Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес есеп саясатын қалыптастыру;
  • - Синтетикалық және талдамалық шоттары бар Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын, ішкі бухгалтерлік есептілік нысандарын дайындау және қабылдау;
  •  - Заманауи ақпараттық технологияларды, есепке алу мен бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану негізінде бухгалтерлік есеп регистрлерін жүргізу;
  •  - Шығыстар сметасын орындау, мүлікті, міндеттемелерді, негізгі құралдарды, материалдық-өндірістік қорларды, ақша қаражатын, қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операцияларды, газ өндіру және айналым шығындарын, өткізу, жұмыстарды (қызметтерді) орындау, филиал қызметінің қаржылық нәтижелерін есепке алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • - ЭШФ-ны уақтылы қалыптастыру және оларды ЭШФ АЖ-ға жіберу, ЭШФ АЖ есепті қалыптастыру;
  • - Шаруашылық операциялардың жүргізілуін, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуын бақылау;
  • - Қаржылық және кассалық тәртіптің, шығыстар сметасының сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан кемшіліктерді, дебиторлық берешекті және басқа да шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, алымдар мен бюджетке өзге де төлемдерді, сақтандыру жарналарын уақтылы аударуды, филиал қызметкерлеріне жалақыны есептеуді қамтамасыз ету;
  • - Мүлікті/міндеттемелерді түгендеу және бағалау, олардың бар екендігін құжаттамалық растау тәртібін айқындау;
  •  - Қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  • - Есептілікті (қаржылық, салықтық) жасау және оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыну;
  • - Бюджетті қалыптастыруға, қаржылық талдау жүргізуге және салық саясатын қалыптастыруға қатысу.

ТАЛАПТАР:

Білімі-жоғары кәсіптік (қаржы-экономикалық) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

  •  Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы;
     Бас бухгалтер мемлекеттік тілді білуі және өз қызметінде бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін реттейтін құжаттарды басшылыққа алуы тиіс
 ҚББ бас бухгалтері өз қызметінде орындалатын жұмыстар көлемінде мынадай құжаттарды білуі және басшылыққа алуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясымен;
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен;
- "Газ және газбен жабдықтау туралы", "салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы", "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы", "бәсекелестік туралы"Қазақстан Республикасының заңдарымен

ШАРТТАРЫ:

  • ҚР ЕК сәйкес ресімдеу. 
  • Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі.