«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы Релелік қорғаныс және электр автоматикасы қызметінің РҚжЭ құрылғыларын пайдалану тобының 2-санатты инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
1026

   Конкурс туралы

 Бос жұмыс орны

  «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы  Релелік қорғаныс және электр автоматикасы қызметінің РҚжЭ құрылғыларын пайдалану тобының 2-санатты инженері»

 Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  • РҚА бойынша техникалық құжаттаманың болуы мен жай-күйін, қорғаныс және автоматиканы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, қызметтегі Алатау АЭТ басқа да құжаттамаларының (схемалар, карталар, тағайындамалар және т.б.) дұрыстығын бақылайды;
  • РҚА, АА, МжБЖ жай-күйіне тұрақты бақылау жүргізеді;
  • Жетекшілік ететін АЭТ ақауларын есепке алу журналын жүргізеді;
  • РҚА топтарының жаңа техниканы енгізу, ескірген және ақаулы жабдықтарды ауыстыру жөніндегі іс-шараларды орындауына қатысады;
  • Қосалқы станцияның РҚА тобының персоналымен бірлесіп, жаңадан енгізілетін ААЭТ РҚА құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді;
  • Профилактикалық жоспарлы тексерулердің уақтылы жүргізілуін бақылайды, жұмыстарды жүргізуге қатысады;
  • Жаңа үлгідегі құрылғыларды қосу кезінде қосалқы станцияның РҚА топтарын бағдарламалық баптаумен қамтамасыз етеді, баптау жұмыстарына жеке өзі қатысады;
  • Қосалқы станциядағы жаңа объектілерді, оның ішінде қорғаныс, автоматика және өлшеу құралдары бөлігін пайдалануға енгізуге қатысады;
  • Аварияларды, жұмыстағы істен шығулар мен ақау жағдайларын тексеруге және талдауға қатысады;
  • РҚА құрылғыларының нұсқаулықтары мен схемаларын уақтылы қайта қарайды және оларға өзгерістер енгізеді;
  • Техникалық ақпаратты зерделейді, озық тәжірибені таратады, еңбекті ұйымдастырудың озық әдістері бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  • РҚА құрылғыларындағы күрделі жұмыстарға немесе РҚА схемаларындағы операцияларға байланысты күштік жабдықтардағы жұмыстарға арналған жедел бағдарламаларды дайындауға қатысады;
  • Бұйрықтардың, ҚЖ, ТН орындалуын бақылайды;
  • РҚжЭҚ бастығының нұсқаулықта көрсетілмеген біржолғы тапсырмаларын орындайды;
  • Қосалқы станциялардағы РҚАҚ жұмысының барлық жағдайына талдау жүргізеді;
  • Қосалқы станциялардағы РҚАҚ жұмысы туралы қорытындылар жасайды, РҚАҚ жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар береді;
  • РҚжЭҚ персоналын өзекті тақырыптар бойынша оқытуды жүргізеді.

 

 

 

Талаптар:

 

Білім деңгейі

Жоғары білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электрэнергетикасы саласындағы техникалық

Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша

Электрэнергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

лауазым бағыты бойынша кемінде 3 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·        электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын (бұдан әрі – ТПҚ), Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (бұдан әрі – ҚТҚ), Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын (бұдан әрі – ӨҚҚ), лауазымдық нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды білуге біліктілік тексерулерінен өту – бастапқыны  лауазымға тағайындалған күннен бастап, мерзімдіні «Алматы ЖЭТ» филиалының біліктілік комиссиясында;

·        желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын өз қызметін жүзеге асыру кезінде РҚжЭҚ қолданатын құжаттар тізбесінде айқындалған көлемде білу;

·        өз қызметінде орындалатын жұмысқа қатысы бар құжаттарды: Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасын, министрліктердің, ведомстволардың, ҚР мемлекеттік басқарудың өзге де органдарының және "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының құжаттарын, РҚжЭҚ туралы ережені, "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасының және өзге де басшыларының, “Алматы ЖЭТ” филиалының директорлары мен өзге де басшыларының актілерін, еңбек және ұжымдық шарттарды, осы нұсқаулықты және “Алматы ЖЭТ” филиалының өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алу;

Лицензиялар, сертификаттар

·        Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

·        DIGSI бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеу дағдылары бар болу

·        MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·        Қазақ, орыс тілдерін білу

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-дан 17:00-ға дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7

 Бос лауазым тұрақты болып табылады.

 Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы  27 маусымына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Озат)