"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Жүйелік қызмет көрсету қызметінің маманыны

247200 - 247200 KZT
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
490

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары

Білім бейіні

Техникалық, экономикалық

Жұмыс тәжірибесі

(бейіні)

 

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·                   Станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін білу.

·                   «KEGOC» АҚ –ның жетекшілік ететін өңірдің электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтарының параметрлері мен құрамын білу.

·               Командада жұмыс істеу дағдылары, кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаларын қатаң ұстану)

·                Іскерлік хат алмасу дағдылары

Лицензиялар, сертификаттар

 

Қосымша талаптар

·     Тәжірибелі MS Оffice, Excel пайдаланушысы

 Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу.

 

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1)  «KEGOC» АҚ желілері бойынша электр энергиясын жеткізу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру және электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлеуді (бұдан әрі–жүйелік қызметтер) ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге сенімхатпен айқындалған өкілеттіктер шегінде жасалған шарттарға шарттың жобаларын, сондай-ақ әртүрлі келісімдерді дайындайды;

2) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен шарт жобасын келіседі, сұрақты шешу функцияларына кіретін, шарттың жобасына қатысты, келесі шартты филиал директорына немесе оны алмастыратын қол қоюға құқылы тұлғаға қол қоюға ұсынады.

3) Филиал директоры немесе оны алмастыратын тұлға қол қойғаннан кейін шарт жобасын тіркейді және оны контрагентке қол қою үшін жібереді;

4) ай сайын Филиалдың өз тұтынушыларымен теңгерімдік тиесілік шекарасында белгіленген есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электр энергиясын жеткізу көлемі мен бағыттары бойынша салыстыру актілерін жасайды және келіседі;

5) ай сайын Филиал тұтынушыларына көрсетілген жүйелік қызметтердің есебін жүргізеді және есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша төлемге шот-фактуралар ұсынады;

6) ұсынылған шот–фактуралар бойынша Биллинг жүйесіне деректерді уақытылы және ай сайын енгізеді;

7) «Жүйелік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру» KEG 06 жобасына сәйкес орталықтандырылмаған шарттар бойынша көрсетілген жүйелік қызметтердің нақты көлемдерін ай сайын және уақытылы қалыптастырады және Биллинг жүйесіндегі деректерге тексеру жүргізеді;

8) ай сайын филиал ЖЭБ-не бюджеттің игерілуі (негізгі қызмет бойынша кірістер) жөніндегі ақпаратты жолдайды;

9) дебиторлық және кредиторлық берешектің шамасын, жүйелік қызметтерді тұтынушылардың алдын ала және түпкілікті төлемін бақылайды;

10) көрсетілген жүйелік қызметтер үшін берешегі бар тұтынушыларға шаралар қабылдайды (ескерту, ажыратуға ұсынулар);

11) көрсетілген жүйелік қызметтер үшін тұтынушылармен өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін қалыптастырады және жібереді;

12) ай сайын Филиалдың өз тұтынушылары үшін жүйелік қызметтер көрсетуден түсетін жоспарланған табыстарының есебін жүргізеді;

13) бюджетті игеру жөніндегі есепті (негізгі қызмет бойынша кірістерді) дайындайды;

14) сұратылған ақпаратты «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясына және Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне дайындайды және жібереді;

15) көрсетілген жүйелік қызметтер бойынша тиісті түрде ресімделген құжаттарды Филиалдың бухгалтериясына уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

16) ай сайын отын-энергетикалық ресурстардың (электр энергиясын жеткізу бойынша) шығыстары бойынша есептілікті қалыптастырады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)