Ақтау қаласындағы АҚО кадрлық әкімшілендіру жөніндегі менеджері (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына)

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
433

   Конкурс туралы

Функционалдық бағыттар/ лауазымдық міндеттері:

ҚР заңнамасына, серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, Тапсырыс берушінің персоналына кадрлық қызмет көрсету саласында жасалған қызметтер көрсету шарттары шеңберінде кадрлық әкімшілендіруді жүзеге асырады; автоматтандырылған жүйелерде жұмыстар жүргізеді; кадр мәселелері бойынша есептілікті қалыптастыруға, кадрлық құжаттарды сақтауға және Тапсырыс берушіге беруге, әскери есепке алуды жүргізуге жауапты; Тапсырыс берушінің қызметкерлерімен өзара қарым-қатынастарды құру және дамыту уақытылы және сапалы қызмет көрсетудің мақсаты, Тапсырыс берушінің қанағаттануын қамтамасыз ету; жаңадан қабылданған мамандарды сүйемелдеу және оқыту.

 Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. Құқық/ бизнес және басқару/ әлеуметтік ғылымдар/ педагогикалық ғылымдар/ техникалық ғылымдар және технологиялар/ гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.
  2. Кадрлық іс жүргізу/ персоналды басқару саласында даярлау/ біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың болғаны ықтимал.
  3. Кадрлық іс жүргізу/ персоналды басқару саласында кемінде 1 (бір) жыл жалпы жұмыс өтілі. «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарында жұмыс тәжірибесінің болғаны ықтимал.

 Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының кадрлық іс жүргізу/ персоналды басқару саласындағы өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері.

 Арнайы және мамандандырылған білім:

  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
  • Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын білу;
  • құжат айналымы, құжаттарды мұрағаттау және сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • іс жүргізу, мұрағат істері саласындағы мемлекеттік стандарттарды білу;
  • кадрлар бойынша құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды білу;
  • кадрлық әкімшілендіру саласындағы заманауи үрдістер мен технологияларды білу;
  • жұмыскерлердің қызметін бағалау негіздерін білу (KPI, SMART әдіснамасы бойынша мақсаттар қою);
  • компанияда KPI әзірлеу және енгізу негіздерін білу;
  • жұмыскерлердің жеңілдіктерінің, әлеуметтік төлемдерінің және ерікті медициналық сақтандырудың нормативтік-құқықтық базасын білу;
  • әлеуметтік жеңілдіктерді басқару процесінің негізгі қағидаттарын білу;
  • жұмыскерлерді ақшалай емес сыйақылармен және ведомствоішілік наградалармен марапаттау процесінің негізгі қағидаттарын білу;
  • этика негіздерін, іскерлік қарым-қатынас қағидаларын білу (оның ішінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас, іскерлік хаттар жасау, келіссөздер жүргізу).

  Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • Word, Excel, Outlook және т. б. қоса алғанда, MS-Office дағдылары.;
  • кадрлық әкімшілендіру бойынша автоматтандырылған жүйелердегі жұмыс тәжірибесі (1С ЖПБ және Кәсіпорын, ERP, ҚБКЖБ, SAP және электрондық құжат айналымы жүйелері);
  • ауызша келіссөздер және іскерлік хат алмасу дағдылары;
  • қазіргі заманғы технологиялық құралдарды, коммуникациялар мен байланыстарды, есептеу техникасын қолдана отырып, деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу дағдылары;
  • міндеттерді шешуде дұрыс басымдық беру, проблемаларды бөліп көрсету және кейіннен шешім қабылдау үшін бөлінген фактілер арасында себеп-салдарлық байланыстар орнату дағдылары.

Құзыреттер (жеке):

  • Нәтижеге бағдарлау;         
  • Жауапкершілік;                          
  • Командада жұмыс істеу;                        
  • Қарым-қатынас дағдылары;
  • Өзгерістерді басқару.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр