"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының Өңірлік диспетчерлік орталығының Режим жөніндегі тобының 1 санатты инженері, уақытша, негізгі қызметкердің ауысу мерзіміне

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
309

   Конкурс туралы

Біліктілікке қойылатын талаптар

Білім деңгейі

Жоғары білім

Диплом (бағыты) бойынша мамандығы

Электр энергетикасы

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Электр энергетикасы саласында инженерлік-техникалық лауазымда

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

(ұзақтығы), жыл

 

Кем дегенде 3 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·    Станциялар мен желілерді техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін білу;

·    «KEGOC» АҚ –ның жетекшілік ететін өңірдің электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтарының параметрлері мен құрамын білу;

·    Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу дағдылары;

·    кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаларын қатаң ұстану);

·    Электр қауіпсіздігі бойынша II біліктілік тобының болуы.

Лицензиялар, сертификаттар

 

Қосымша талаптар

·    Тәжірибелі MS Оffice, Excel пайдаланушысы.

·    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу.

 

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

1) генерацияның жұмыс электр қуатын, электр станциясының технологиялық және техникалық минимумдарын жинайды, талдайды және мониторинг жүргізеді;

      2) энергия өндіруші ұйымдар үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттерді анықтайды, өлшемсіз коэффициенттердің мәндері туралы актілерді қалыптастырады және қол қояды;

3) электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша қызметтерді жеткізушілер бойынша есеп қалыптастырады;

          4) энергия өндіруші ұйымның есептік кезеңде теңгерімдеуге жоғарылатуға және төмендетуге орындалған белсендірілген өтінімдерін ЭТНЖ-дан жинауды жүргізеді;

5) ЭКЕАЖ немесе телеметрия аспаптарын өлшеу деректері бойынша энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын аттестаттау кезінде электр станцияларының электр қуатын генерациялаудың жалпы генерациясының, электр станцияларының электр қуатын генерациялаудың ұлғаю және кему жылдамдығының тіркелген мәндерін құжаттамалық ресімдейді;

6) энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін қолдау бойынша нақты көрсетілген қызметтерді есептеу процесіне қатысады;

7) айыппұл коэффициенттерін есептеу үшін қажетті ақпаратты есепке алу және жинау ведомосін сүйемелдеуге қатысады;

8)  қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын тұтынудың (сальдо-ағынның) сағаттық мәндерін есептеу үшін жүктемелердің өңірлік бейінін әзірлейді;

9) қолданыстағы нормативтік құжаттарға және «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО өкімдеріне сәйкес есептілікті ұсынады;

10) электр станцияларының белгіленген, қолданыстағы және жұмыс қуатының жиынтық кестесін, қуаттың алшақтықтары мен шектеулерін және оны жаңартуды жоғары тұрған жедел басқару органына (ЖО ҰДО) уақытылы хабарлай отырып, жұмысты орындайды;

11) қуат нарығы шеңберінде өңірдің электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің жылдық және айлық кестелерін ЖО ҰДО-ға жинауды, өңдеуді және беруді жүзеге асырады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)