«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қызылорда бөлімшесінің Төретам стансасының бастығы – Батыс

от 341095
НОД-10 (Кызылординское отделение ГП) Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
158

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Станция қызметкерлерімен кезекшілікке кірер алдында планерлік кеңестер, нұсқамалар өткізеді, телеграф нұсқауларымен, компанияның, серіктестіктің, филиалдың бұйрықтарымен танысу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  • Станция қызметкерлерімен техникалық сабақтар өткізеді станцияның барлық қызметкерлерінің т. ж. көлік саласындағы қолданыстағы НҚА, НТД, заңнамалық және жергілікті актілердің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
  • Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке қатысуын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жергілікті актілердің, объектілердің талаптарын сақтауға - нормативтік талаптарға сәйкестігіне мерзімді тексерулер жүргізеді;
  • Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тиісті материалдарды ресімдеу жөніндегі мәселелерді қамти отырып, "Қауіпсіздік күнін", "станция бастығының күнін" өткізеді 

Біліктілік талаптары:

  • Біліктілігі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Салалық мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
    Жұмыс тәжірбесі: кемінде 7 жыл ,оның ішінде кемінде 2 жыл станция бастығының орынбасары (жедел жұмыс бойынша)/бас инженер лауазымында кемінде 7 жыл, және поезд диспетчері/бөлімше бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр