«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС – «Батыс» филиалының 1-топ Қызылорда пайдалану локомотив депосының шаруашылық қозғалысының ауысым бригадирі.

331384 - 344864
ТЧЭ-34 Кызылординское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
222

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жұмысшылардың біліктілігі мен жұмыс түрін ескере отырып, объектілер мен жабдықтар түрлерін ұтымды пайдалана отырып, жөндеу жұмыстарының көлемі және әзірленген тапсырмалар бойынша жұмысшыларды бөледі;
  • Тепловоздарға уақытылы және сапалы ТО-2,ТО-3 техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ нормативтік актілердің қолданыстағы талаптарына сәйкес жабдықтау жұмыстарын және локомотивтерді уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • ТО-2,ТО-3 циклінің міндетті жөндеу жұмыстарының және ТУ-152 журналындағы машинистердің жазбалары бойынша қосымша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Тепловоз машинисінің тапсырысы бойынша тепловоздардың жұмысындағы ақауларды жоюды қамтамасыз етеді;
  • Қосалқы бөлшектерді пайдалану бойынша лимиттердің сақталуын, материалдар және жанар-жағармай материалдары және олардың мақсаты бойынша қолданылуын қамтамасыз етеді;
  • Өзінің ауысымында өндірістік қызметке қажетті тауарлық-материалдық қорлармен, шикізатпен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеді;
  • Құрал-саймандар мен жабдықтардың жарамды күйде сақталуын және бекітілген аумақтың тиісті тәртіпте болуын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары (жоғарыдан кейін)
  • Саладағы мамандығы: Көлік, көлік техникасымен технологиясы (Локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: Мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр