Екібастұз қ., "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Материалдық-техникалық жабдықтау және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің 1-саннаты маманы

290600 - 290600 KZT
"KEGOC" АҚ Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
379

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының электрондық сатып алу порталында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жұмыстарды, жөндеулерді сатып алу, сондай-ақ мерзімді басылымдарға жазылуға көрсетілетін қызметтерді, тапсырысты пошта байланысы мен арнайы байланыс қызметтерін, ұялы байланыс арқылы ақпарат тарату қызметтерін бір көзден сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін Филиалдың сатып алу тобына қажетті құжаттарды дайындайды және ресімдейді;
  • коммуналдық қызметтер, әкімшілік/өндірістік үй-жайларды жалдау жөніндегі қызметтер және объектілерді күзету қызметтері бойынша бір көзден жұмыстарды, жөндеулерді, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған орталықсыздандырылған шарттарды тиісінше ресімдейді,, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген нысандар бойынша уақытша бос алаңдарды, үй-жайларды және автокөлікті жалға беру жөніндегі шарттарды ресімдейді, оларды Филиал басшылығына қол қоюға ұсынады;

3) «KEGOC» АҚ өткізген жұмыстарды, жөндеулерді сатып алуға өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша шарттарды тиісінше ресімдейді, ұсынылған сатып алу қорытындыларының хаттамаларына сәйкес оларды филиал басшылығына қол қоюға ұсынады;

4) шарттарға қол қою кезінде және оларды іске асыру барысында туындаған келіспеушіліктерді реттейді, жұмыстарды, жөндеулерді сатып алуға өтінім берген құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен оларды Контрагенттердің толық іске асыруына дейін шарттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

5) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп контрагенттермен олардың шарттық міндеттемелерді сақтауы бойынша (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері және жалға алушылардың көрсетілген қызметтер үшін уақтылы төлем жүргізуі) жұмыс істейді;

6) қажет болған жағдайда Филиалдың тиісті құрылымдық бөлімшелерін жасасу және орындау барысы туралы хабардар етеді;

 7) Филиалдың бухгалтериясы және ЖЭБ-не   филиалдың коммуналдық және басқа да қызметтеріне ақы төлеу және алаңдарын, үй-жайлары мен автокөліктерін жалға алу бойынша электрондық шот-фактураларды ұсыну үшін есеп айырысуларды ұсынады;

8) электрондық шот-фактуралар негізінде Филиалдың коммуналдық және басқа да қызметтеріне ақы төлеу және алаңдарын, үй-жайлары мен автокөліктерін жалға алу бойынша орындалған жұмыстардың актісін ресімдейді (көрсетілген қызметтердің);

9) Әкімшілік-шаруашылық департаментімен, Пайдалану департаментімен, Инвесторлармен байланыс жөніндегі департаментімен, Қамтамасыз ету және қорлар департаментімен, Құжаттамалық қамтамасыз ету және «KEGOC» АҚ мемлекеттік құрылымдарымен және Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен ТЖҚ шарттарын жасасу, орындау, ТМҚ және филиалдың негізгі құралдарын сату бойынша қызметтік хат алмасуларды жүргізеді;

10) «Enterprise Resource Planning» SAP жүйесіне ақпаратты енгізеді – Кәсіпорынды басқару жүйесі бөлімі: «Логистика», модуль «Өткізу (SD)», – Мандант 300 Продуктив:

- жасалған орталықтандырылмаған шарт негізінде VA41, VA42, VA43 транзакциясында келісімшартты құрады, өзгертеді және қарайды;

 - жасалған орталықтандырылмаған шарт негізінде VA01, VA02, VA03 транзакциясында келісімшартты құрады, өзгертеді және қарайды;

- тапсырысқа сілтеме жасай отырып, шығыс жеткізілімдерін жасау, өзгерту және қарау, шығыс жеткізілімдерінің жалпы тізімі, жүкқұжат бойынша материалды босату, транзакцияның шығыс жеткізілімдерінен шығыс құжаттарын қалыптастырады: VL01N, VL02N, VL03N, VL06F, VL09, VL71, орталықтандырылмаған шарт негізінде;

- Филиалдың негізгі қызметі бойынша шарттар мен орталықтандырылмаған шарт негізінде VF01, VF02, VF03 транзакцияның алдын ала шот-фактурасын жасайды, өзгертеді және қарайды;

- шарттар, тапсырыстар, түсімдер бойынша деректерді, «Өткізу (SD)» модулінде SAP ERP жүйесіне орталықтандырылған шарттардың шығыс жеткізілімдерін жасауды енгізеді;

- «Сбыт (SD)» «Өткізу (SD)» модулінде Филиалдың негізгі пайдаланушысы болып табылады;

- «Enterprise Resource Planning», SAP-MDG. Өнімді жүйе (Е30) Business Partner Governance – Іскери серіктестердің бастамашысы SAP жүйесіне ақпаратты енгізеді:

-Іскери серіктес пен оның деректерін құрады, өзгертеді және қарайды;

11) Филиалдың Заң тобына олармен жасалған келісімшарттар бойынша филиал контрагенттерінің шарттық міндеттемелерін орындамағаны туралы және өсімпұлды, тұрақсыздық айыбын есептеу және ұстап қалу жөнінде хабарламалар ұсыну үшін ақпарат береді;

12) Филиалдың әкімшілік ғимаратының №518 кабинетінің өрт қауіпсіздігі бойынша жауапты тұлғасы болып табылады;

13) Notes бағдарламасында сатып алу шарттарын және Филиалдың негізгі емес қызметін келісу және тіркеу рәсімін жүзеге асырады;

14) Қызметте мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізуге және БМЖ құжаттамасын жүргізуге жауапты болып табылады.

Талаптар:
Білім деңгейі - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) ;
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электрэнергетика, Құқықтану, Экономика және отын-энергетика кешендері салаларындағы және құрылыстағы менеджмент; Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі - жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету саласында кемінде 2 жыл.


Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы