Iрі мұнай-газ жобалары департаментiнің директоры

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
615

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары техникалық / экономикалық білім. МВА/басқа лауазымның тиісті бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы (жақсырақ).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Мұнай-газ саласында, ірі мұнай-газ жобаларын басқару саласында кемінде 10 жыл.

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кем дегенде 10 жыл, ЕТҰ-да және / немесе ірі мұнай-газ жобаларында.

Басқарушылық тәжірибесі

  • Кемінде 5 жыл

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Қазақ тілі-В1 деңгейі; Ағылшын тілі-advanced деңгейі.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Жер қойнауын пайдалану, мұнай операцияларын, қаржы-экономикалық қызметті, акционерлік қоғамдардың қызметін жүзеге асыру мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы саласында;
  • Мұнай-газ жобаларын басқару, экономика және қаржы саласында;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек және азаматтық заңнамасы саласында;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі мен ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған жүйесі саласында;
  • Еңбекті ұйымдастыру және басқару саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (жазбаша және ауызша).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары;
  • Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
  • Келіссөздер, презентациялар жүргізу дағдылары;
  • Iскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • Ірі жобаларды одан әрі дамыту бойынша ҚМГ ұстанымын дайындауды қамтамасыз ету;
  • Ірі жобалардың оператор-компанияларының өндірістік-шаруашылық қызметінің мониторингін ұйымдастыру және бақылау, ірі жобалардың қатысушыларына пайданы бөлу мониторингі, ірі жобалардың оператор-компанияларынан Қазақстан Республикасының және ҚМГ бюджетіне ақшалай түсімдерді барынша арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • Ірі жобалардың оператор-компанияларының басқару органдарының қарауына шығарылатын мәселелер бойынша ҚМГ ұстанымын басшылыққа дайындау мақсатында ірі жобалардың оператор-компанияларының сұраныстарын қарауды ұйымдастыру;
  • Проблемалық мәселелер бойынша ақпарат дайындау мақсатында ҚМГ және мемлекеттік органдардың басшылығы үшін ірі жобалар бойынша ақпарат (анықтамалар, Талдамалық жазбалар, баяндамалар, презентациялар) дайындауды қамтамасыз ету;
  • Ақпаратты, ұсынымдар мен ескертулерді дайындау мақсатында ірі жобалар операторы-компаниялардың басқару органдарының, Комитеттер мен кеңестердің, жұмыс кездесулерінің кеңестерінің жұмысына қатысу;
  • Ірі жобалардың оператор-компанияларының ай сайынғы есептеріне талдау дайындауды және кадрларды ұлттандыру және ірі жобалардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту мақсатында ҚМГ басшылығы үшін ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ету;
  • Ірі жобаларды корпоративтік басқару саласында ҚМГ бірыңғай саясатын жүзеге асыру бойынша ҚМГ басшылығы үшін ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ету
  • Департаменттің ішкі жұмыс процестері мен өзара іс-қимылын реттейтін ҚМГ ішкі талаптарын, рәсімдері мен қағидаларын орындау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр