"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Вокзал шаруашылығы (Көкшетау, вокзал - 1 класс) Көкшетау учаскесінің 1 санатты инженері

282234 - 295710
Вокзальное хозяйство Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
145

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Анықталған заңнама бұзушылықтары нұсқамаларының және өртке қарсы қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі басқа да нормативтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады;
  • Бекітілген нысандар мен талаптарға сәйкес есептік және анықтамалық құжаттаманы, ОЭР-есепті ұсынады және шынайы ақпарат үшін жауапты болады;
  • Өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі, вокзалдардың терроризмге қарсы қорғалуы, экологиялық қауіпсіздік жобаларын, жоспарларын әзірлеуге, еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға қатысады. өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін зерделейді, өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдайды;
  • Еңбек инспекциясы, энергия қадағалау, өртке қарсы қызмет, АТЗ органдарымен хат алмасуды жүзеге асырады;
  • Азаматтардың өтініштері, шағымдары бойынша, оларды тексеру және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік, электр қауіпсіздігі, ТҚБ, коммуналдық қызметтер мәселелеріне қатысты орындау бойынша хат алмасу жұмыстарын жүзеге асырады;
  • Еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;
  • Вокзал цехтарында нұсқама жүргізуге жауапты болады және бақылау жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары 
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; ғимараттар мен құрылыстар салу; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг; Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, механикаландыру және автоматтандыру.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 1 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)