«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» Ақтөбе филиалы № 72295 (415) мобильді диагностикалық кешенінің (МДК) жетекші инженері

от 389578
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
91

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес МДК жұмыс орындарында БҚ есептеу кешендерін өлшеуге дайындау бойынша жұмыстарды орындау;
  • МДК нақты деректері мен көрсеткіштерін калибр деңгейі мен ені бойынша күнделікті салыстыру;
  • МДК деректер базасына жол қашықтықтары бойынша жолдардың паспорттық сипаттамаларын енгізу, белгіленген тәртіппен өтінімдер негізінде деректер базасын өзгерту;
  • рельс жолының геометриясы бойынша өлшеу нәтижелерін белгіленген мерзімде өңдеу;
  • белгіленген мерзімде жол қашықтығына беру үшін жол өлшеу кешені бөлігінде МДК барлық талап етілетін есептік нысандарын қалыптастыру;
  • журналдарды толтыру: ескертулерді, кіріс және шығыс хат-хабарларды беру, қанағаттанарлықсыз километрлерді есепке алу, поездардың қозғалыс жылдамдығын шектей отырып километрлерді есепке алу;
  • локомотивтерді ұсынуға өтінімдерді дайындау және беру, поездардың қозғалыс жылдамдығын шектеу туралы ескертулер беру;
  • МДК жұмыс жадынамасын бере отырып, Локомотив бригадасына нұсқама жүргізу;
  • рельстердің тозуы бойынша ақпаратты дайындау және беру, рельстердің бүйірлік тозуын талдау бөліміне жолдың қисық учаскелерінің карточкаларын қалыптастыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары.
  • Мамандығы: Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), көлік құрылысы, көлік техникасы және технологиялары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)