Материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығы Баға маркетингінің маманы/2 санаттағы баға маркетингінің маманы / 1 санаттағы баға маркетингінің маманы / баға маркетингінің жетекші маманы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
141

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Тәртіп пен Әдістемеге, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес «ҮМЗ» АҚ-ның тиісті жылға арналған МТҚ/ Өндірістік қаржы жоспары/ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспары қалыптасқанға дейін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасына маркетингтік зерттеулер жүргізеді. 2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер Өнім берушілерінің нарығына мониторинг және талдау жүргізеді. 3. Маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін ұсынылатын құжаттаманың дұрыстығын тексереді. 4. «ҮМЗ» АҚ Тапсырыс беруші – бөлімшелеріне маркетингтік зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын құжаттамадағы сәйкессіздіктер туралы ақпаратты жедел жеткізуді қамтамасыз етеді. 5. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер Өнім берушілерінен коммерциялық ұсыныстарды сұрайды және қарастырады. 6. ТМҚ анықтамалығына жаңа атауларды және «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есептік бағдарламалық кешеніндегі ТМҚ анықтамалығының жаңа және қолданыстағы позицияларына өзекті бағаларды енгізеді 7. «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға өтінімдерді келіседі. 8. ТЖҚ БНА кодтарын беру жөніндегі уәкілетті органмен хат алмасуды жүргізеді және «ҮМЗ» АҚ Тапсырыс беруші – бөлімшелерінен Уәкілетті органның талаптарын ескере отырып, қажетті деректерді сұратады. 9. Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тиісті маркетингтік қорытындыларды Тәртіп пен Әдістемеге, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес белгіленген тәртіппен ресімдейді. 10. Тиісті жылға арналған «ҮМЗ» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарына енгізу үшін сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне маркетингтік қорытындылар жібереді. 11. Сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің маркетингтік бағасы бөлігінде сатып алу жоспарын түзету қажеттілігі туралы ақпарат береді (қажет болған жағдайда). 12. Менеджмент жүйесінің аудиттерін жүргізуге қатысады. 13. Өнім берушілермен, «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен баға маркетингі мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді. 14. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-мен (қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) баға маркетингі мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді. 15. Өндірістік мәселелер бойынша орталық бастығына есептерді ұсынады: маркетингтік талдау жүргізу, менеджмент жүйесінің рәсімдерін орындау, лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындау, сондай-ақ басшылықтың ережелерімен, нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен айқындалған басқа да есептік құжаттаманы уақтылы ұсынады. 16. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе толық еместігі туралы орталық бастығына уақтылы хабарлайды. 17. «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің құжаттамасын әзірлейді және өзектендіреді (өз жауапкершілігі бөлігінде). 18. Тапсырмаларды орындауды реттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді. 19. Орталықтың бастығы және менеджмент жүйесі жөніндегі уәкіл жолдаған құжаттамамен уақтылы танысады. 20. Сәйкессіздіктерді тіркеуге және талдауға, себептерін анықтауға, түзету (ескерту) әрекеттерін қабылдау қажеттілігін бағалауға қатысады. 21. Жұмыстардың нәтижелілігін арттыру және өз құзыреті саласындағы жұмыстардың орындалуын регламенттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру үшін іс-шараларды, сондай-ақ «Сатып алу» процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды талқылауға, әзірлеуге және іске асыруға қатысады. 22. Мәселелерді «Сапа күндерінде» қарауға дайындауға қатысады және оларда қабылданған іс-шаралардың орындалуын бақылайды (өз жауапкершілігі бөлігінде).

Білім:

Жоғары білім келесі бағыттар бойынша: маркетинг, экономикалық, инженерлік-техникалық, менеджмент немесе заң

Дағдылар:

Маман үшін-ДК және ұйымдастыру техникасының басқа құралдарын пайдаланушы деңгейінде иелену. Іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары/ 2-санатты маман үшін, 1 - санатты маман үшін-ДК және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру. Іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары. Қолданыстағы оқу бағдарламалық кешенінде жұмыс істеу дағдылары / жетекші маман үшін- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында сатып алу саласындағы жетекші маман (менеджер) немесе I санаттағы маман лауазымында сатып алу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл

Қосымша:

- қалыпты еңбек жағдайлары; - 5 күндік жұмыс аптасы кезінде – 8:00 бастап 17:00 дейін, демалыс күндері сенбі және жексенбі; - Маман үшін - 220 270 теңгеден бастап / 2 санаттағы маман үшін - 237 871 теңгеден бастап / 1 санаттағы маман үшін - 255 976 теңгеден бастап / жетекші маман үшін - 291 682 теңгеден бастап

Білетін тілдер:

-