"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының диспетчері (магистральдық желі бөлімшесі)

от 284872
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
150

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) магистральдық желі бөлімшесінің аймағында орналасқан құрылғылардың негізгі жұмыс принциптерін, ақаулықтарды іздеудің тиімді тәсілдерін және оларды жою тәсілдерін, жұмыс орнымен байланысты ұйымдастыру тәртібін, ережелерді, нұсқаулықтарды және өзге де нормативтік құжаттарды  білу, 
2) жол, сигнализация және байланыс, электрмен жабдықтау диспетчерлерінің әрекеттерін үйлестіру, шаруашылық пойыздардың жүруіне, қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздарының қызметкерлерінің магистралдық желі бөлімшесінің қызметінің аясында, сондай-ақ пойыз және локомотив диспетчерлерімен, станция кезекшілерімен өзара әрекеті кезінде бақылау жүргізу; 
3) шаруашылық пойыздардың қозғалысымен байланысты қауіпсіздік бұзылған, жарақат алу орын алған, қалпына келтіру бригадаларын шақырған және орынға келген жағдайда, пойыздарды қалпына келтіру, кідіру жағдайларын тіркеу;  
4) магистралдық желі бөлімшесі басшылығыны, магистралдық желі Дирекциясының қозғалыс қауіпсіздігі Департаментінің кезекшісін шаруашылық пойыздардың жүруімен байланысты барлық қауіпсіздік бұзушылықтар, жазатайым оқиғалар және т.б. туралы дереу хабардар ету

Біліктілік талаптары:

Біліктілік талаптары:

Білімі

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта-техникалық

Мамандығы

Автоматика,телемеханика және байланыс. Көлік, көлік техникасы және технологиялар (көтергіш-көліктік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); автоматтандыру және басқару; Электрэнергетикасы; Құрылыс (темір жолдарды салу, жол және жол шаруашылығы); тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)

Жұмыс өтілі

3 жылдан кем емес, соның ішінде диспетчер лауазымында кем дегенде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Ұқсас вакансиялар

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы"акционерлік Қоғамы -"Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі филиалы Қандыағаш жол дистанциясы №2 өндірістік учаскесі Қандыағаш ст. . №05 линиялық учаскесі жол жөндеушісі
Кандыагашская дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
05.07.2024 |  182
332944 - 342361
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақтөбе бөлімшесі" (НОД-11) филиалының Жем пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-7) жоспарлау-экономикалық бөлімінің 1-санатты еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженері (ТД-1 Шалқар)
ТЧЭ-7 ЖЕМСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
04.07.2024 |  175
от 174138
"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақтөбе магистральдық желінің бөлімшесі" филиалы жол бөлімінің жетекші инженері (жолды жөндеу сапасын қабылдау бойынша)
Актобинское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
04.07.2024 |  67
от 364091