электргаздәнекерлеуші

«Шардара су электр станциясы» АҚ Шардара қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
82

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) ТПЕ, ТҚЕ және қолданыстағы нұсқаулықтарды берілген біліктілік разрядтары мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі топтар көлемінде білуге;

2) СЭС-тің төмен вольтты және жоғары вольтты электр жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын слесарлық құралдармен, слесарлық құрал-саймандармен, құрылғылармен практикалық жұмыс істеу дағдыларының болуы;

3) күн тәртібін қатаң сақтауға, еңбек және өндірістік тәртіпті бұзуға жол бермеуге;

4) жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға;

5)ТҚЕ, ТПЕ, ӨҚЕ талаптарын және жұмыс орнындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға;

6) жұмыс басталар алдында өзінің жұмыс орнында:

а)  жұмыс процесінде қолданылатын қорғау құралдарының жарамдылығы;

б) аспаптардың, құрылғылар мен механизмдердің жарамдылығы;

в) қорғайтын жерге тұйықтаудың тұтастығын, ашылған кемшіліктер туралы цех басшылығына баяндауға;

7) жұмыс орнын таза ұстауға, цехта және кәсіпорын аумағында тазалықты сақтауға;

8)  цех басшылығына дереу хабарлауға:

а) жабдықтың, сақтандырғыш, бұғаттағыш сигнал беру құрылғыларының, сондай-ақ басқа да қорғау құралдарының ақаулықтары анықталған барлық жағдайлар туралы;

б) жеке немесе басқа жұмысшылар алған жарақаттың, уланудың, күйіктің әрбір жағдайында, сондай-ақ тұтану немесе туындаған авариялық жағдайлар туралы;

9) электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде туындайтын қауіптер және электр тогымен зақымданудан болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары туралы анық түсінігі болуға;

10) жасанды тыныс алу тәсілдерін іс жүзінде қолдана білу, электр тогынан зақымданған немесе басқа да өндірістік жарақат алған жағдайда зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсете білу.

11) Қоғамның ішкі ресурстары өткізетін тәуекелдер бойынша тренингтерге міндетті түрде қатысу.

12) Электр цехының электр газ дәнекерлеушісі:

а) ІІ топ көлемінде ТҚЕ және ӨҚЕ;

б) түрлі дәнекерлеу машиналарының, автоматтар мен қоректендіру көздерінің электр схемалары мен конструкцияларын;

в) неғұрлым көп таралған газдарды алу және сақтау әдістері туралы жалпы мәліметтерді;

г) электродтардың маркалары мен типтерді;

д)  аппаратты жөндеу және пайдалану кезіндегі лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтарды білуі тиіс.

Талаптары:

орта білімі бар, тиісті медициналық куәландырудан өткен, кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар және  қауіпсіздік техникасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бойынша білімдері тексеруден өткен.

        Тестілеуден өту үшін ТҚЕ, ТПЕ, ӨҚЕ  және жұмыс орнындағы қауіпсіздік шараларын білуі қажет.

Шарттары:

еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау, 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім