«KEGOC» АҚ « Батыс ЖЭТ» филиалы Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу цехының инженері

284300 - 376100 KZT
"KEGOC" АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
178

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

1) ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жылдық және айлық жұмыс жоспарларын әзірлейді;

2) ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және ПЖЖ үшін қосалқы бөлшектер мен материалдар қажеттілігінің есептері мен ведомостарын жасайды;

3) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бағалаудың қазіргі заманға сай болуын қамтамасыз етеді;

4) жыл бойы ПЖЖ және жөндеу жоспарларының орындалуын бақылайды, ПЖЖ шығындары және ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бөлігінде есептілікті (ай сайын, тоқсан, жыл) жүргізеді;

5) бөлімшенің бейіні бойынша филиалдың бұйрықтарының, өкімдерінің, нұсқауларының және басқа да талдамалық және нормативтік құжаттарының жобаларын дайындауға қатысады;

6) ғимараттар мен құрылыстарды мердігерлік тәсілмен жөндеуге смета жасайды;

7) ) ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша SAP ERP өнімді жүйесіне деректерді енгізуді орындайды.

Талаптары:

  • білім деңгейі: жоғары білім
  • диплом бойынша мамандығы (бағыты): Электр энергетикасы / құрылыс (бағыты - техникалық ғылымдар және технологиялар)
  • лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі: Электр энергетикасы, құрылыс саласында
  •  мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар: -
  • басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар: -
  • қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн;
  • MSoffice тәжірибелі пайдаланушысы;
  •  ERP HR – модуль тәжірибелі пайдаланушысы;
  • қазақ, орыс тілдерін білу.

Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 05 шілдеге дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)