«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Аймақтық диспетчерлік орталығы Режим жөніндегі тобының инженері

Жалақы көрсетілмеген
"KEGOC" АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
210

   Конкурс туралы
Бос жұмыс орны
 «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Аймақтық диспетчерлік орталығы Режим жөніндегі тобының инженері»

 Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:

  1. «Алматы ЖЭТ» филиалының шаруашылық қажеттіліктері мен шығындары үшін «АЖК» АҚ, «ЖЭС» ЖШС және «ТАЭТК» АҚ-мен электр энергиясын беру және тарату жөніндегі шарттар мен қосымша келісімдерді дайындау, жасасу және қолдау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
  2. Талдамалық есепке алудың жетекшілік ететін кодтары бойынша бюджеттің шығыс бөлігін қалыптастыру (Филиалдың шаруашылық қажеттіліктеріне арналған электр энергиясы, үшінші тараптардың желілері арқылы беру), қаржыландыру жоспарының, Шығыстар бюджетінің орындалуын жасайды, салыстырмалы және факторлық талдау жүргізеді;
  3. Электр энергиясын тұтыну туралы мәліметтерді және «Алматы ЖЭТ» филиалының шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясын сатып алу және іс жүзінде тұтыну көлемі туралы анықтамаларды АД ТД-ға, ЖЭБ-ға және бухгалтерияға ұсынады;
  4. «Алматы ЖЭТ» филиалының шаруашылық қажеттіліктеріне электр энергиясы бойынша келесі айға жоспарлы өтінімді АД ТД-ға ұсынады;
  5. «KEGOC» АҚ АД, ТД-ға «Алматы ЖЭТ» филиалының шаруашылық қажеттіліктері бойынша айлық, тоқсандық, жылдық және басқа да есеп беру нысандарын дайындаумен және тапсырумен айналысады;
  6. «Алматы ЖЭТ» филиалының ЖЭБ-не келесі айға филиалдың шаруашылық қажеттіліктеріне жоспарланған шығыстарды ұсынады және деректерді ББЖ-ға (SAP) енгізеді;
  7. Топтың және АДО міндеттерін шешуге бағытталған АДО басшылығының өкімдерін орындайды (энергия нарығы субъектілеріне хаттар, телефонограммалар, сұрауларға жауаптар дайындау және т.б.).

 

Талаптар:

 

Білім деңгейі

Жоғары білім

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

Электр энергетикасы саласындағы техникалық

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

Электр энергетикасы саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

-          

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

·        Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын, Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу

·        Желілерді техникалық пайдалану аясында салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білу (Даярлаудың үлгілік бағдарламасының талаптарына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде, өз қызметін жүзеге асыру кезінде АДО қолданатын құжаттардың бекітілген тізбесіне сәйкес құжаттар, орындалатын жұмысқа қатысы бар нормативтік-техникалық құжаттар), энергия жүйелерінің электр бөлігіндегі авариялардың алдын алу және жою жөніндегі үлгілік нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын білу (даярлаудың үлгілік бағдарламасының талаптарына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде)

·     Өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті көлемде Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңын, шарттық-құқықтық жұмысты жүргізу қағидаларын білуі тиіс.

·     Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар.

Лицензиялар, сертификаттар

• Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн

Қосымша талаптар

·         MS office тәжірибелі пайдаланушысы;   

·         Қазақ, орыс тілдерін білу

 

Еңбек жағдайлары:

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Шевченко көшесі 162/7

 Бос лауазым уақытша болып табылады (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне).

 Түйіндемені қабылдау 2024 жылғы 05 шілдесіне дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр