"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "отын ресурстары орталығы"Техникалық саясат инфрақұрылым жөніндегі директоры

Жалақы көрсетілмеген
«ҚТЖ-Жук тасымалдары» ЖШС-нің - «Отын ресурстық орталығы» филиалы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
125

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • технологиялық процестерді игеру және көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысқа қатысады; бизнес бағыттарының жаңа технологияларын енгізу бағдарламаларының орындалуын әзірлейді және бақылауды қамтамасыз етеді;
  • филиалдың стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша маркетингтік қорытындыларды алуға бастамашылық жасауға, сатып алу жоспарын қалыптастыруға, оны түзетуге, орындауға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыруға өтінімдердің орындалуына бақылау жүргізеді;
  • отын қоймаларының жабдықтарын уақтылы жөндеуге бақылауды жүзеге асырады; барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу мерзімдері мен сапасын, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
  • Құрылыс және реконструкция объектілерін тапсыруды, қабылдауды және пайдалануға беруді жүзеге асыруды бақылауды жүзеге асырады; күрделі, ағымдағы жөндеуді және күрделі салымдардың инвестициялық жоспарын жүргізудің орындылығын айқындайды, сондай-ақ бұл ретте ықтимал тәуекелдерді бағалайды және сәйкестендіреді;  жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждау жұмыстарына, материалдар мен жабдықтарды сатып алуға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді уақтылы жасасу және орындау жөнінде шаралар қабылдайды;
  • күрделі құрылыс бөлімі инфрақұрылымның техникалық саясаты жөніндегі директордың тікелей қарамағында.  "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС басшылығының/филиал директорының өзге де тапсырмаларын жүзеге асырады.
  • Біліктілік талаптары: 
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда және/немесе қызмет ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша "ҚТЖ "ҰК"АҚ компаниялар тобымен салыстырылатын компанияларда кемінде 3 жыл жұмыс істеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру