Төмен көміртекті даму департаменті төмен көміртекті саясат басқармасы парниктік газдарды басқарудың жетекші маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
313

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғары (экологиялық/ техникалық/ инженерлік/ жаратылыстану саласындағы) қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистр дәрежесінің болуы (мүмкіндігінше).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кемінде 4 жыл

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Кемінде 2 жыл

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар.:

  • Парниктік газдарды растау және верификациялау жөніндегі сарапшы сертификаты (мүмкіндігінше)

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Мемлекеттік тілді білу, ағылшын тілін білу (мүмкіндігінше).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, парниктік газдар шығарындыларын реттеу мәселелері бойынша, ҚР еңбек заңнамасы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамалар;
  • Халықаралық актілер мен конвенциялар, Париж климаттық келісімі және МГЭИК  парниктік газдар шығарындыларын ұлттық түгендеудің басқарушы қағидаттары және басқа да құжаттар, стандарттар, климаттық реттеу саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер;
  • Мұнай және газ өнеркәсібіндегі парниктік газдарды түгендеу тәжірибесі және сараптамалық білім;
  • Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің ұлттық жоспарын әзірлеу білімі;
  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін білуі (мүмкіндігінше);
  • Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік саласында;
  • Ақпараттық саясат, деректерді автоматтандырылған жинау, жүргізу, іздеу, талдау, жүйелеу, өңдеу және сақтаудың ақпараттық жүйелері саласындағы практикалық тәжірибе және дағдылар;
  • Мұнай-газ индустриясында орнықты даму қағидаттарын енгізудің халықаралық тәжірибесі саласындағы білімі;
  • ҚМГ тәуекелдерін басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификациялық есептерге сәйкес парниктік газдар шығарындыларын есептеу дағдылары;
  • Парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерін есептеу бойынша әдістемелерді әзірлеу дағдылары және тәжірибесі;
  • Парниктік газдарды түгендеу бойынша халықаралық есептілікті әзірлеу және тапсыру дағдылары;
  • Парниктік газдар шығарындыларын реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны және парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы жүйесін талдау және әзірлеу дағдылары;
  • Парниктік газдар шығарындыларын сертификаттау үшін кәсіпорындар құжаттарын: мониторинг жоспарын, қондырғы паспортын, қысқартулар бағдарламасын талдау дағдылары;
  • Word, Excel, Lotus, Power Point және т. б. бағдарламаларда жұмыс істеу дағдылары, заманауи технологияларды, коммуникация құралдарын пайдалану;
  • Деректердің үлкен көлемін өңдеу және талдау және олардың негізінде қорытындылар әзірлеу дағдылары;
  • Жобалау менеджменті саласында, міндеттерді жоспарлау және басымдылығын айқындау қабілеті;
  • Командада жұмыс істей білу, байланысқа бейімділік, ашықтық, адалдық, тапсырмаларды орындаудың жеделдігі, орындалатын жұмыстың сапасын жақсартуға ұмтылу;
  • Қарым-қатынастық дағдылар, ұйымдастырушылық қабілеттер, тиімді таныстыру дағдылары;
  • Компания қызметінің әртүрлі салаларына, баспа басылымдарын жариялауға және дизайнына қатысты ақпаратты жүйелеу, талдау, жинақтау және баяндау.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ҚМГ компаниялар тобы деңгейінде парниктік газдар шығарындыларының кадастрын енгізуді және басқаруды қамтамасыз етеді;
  • Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына және оларды қысқарту жөніндегі жобалардың іске асырылуына мониторингті, ЕТҰ объектілерінде көміртегі ізін азайту бөлігінде тексеруді, берілген ұсынымдардың орындалу барысына мониторингті жүзеге асырады; 
  • Компания және ЕТҰ деңгейінде парниктік газдарды басқару саласында мерзімді есептілікті дайындауды және қалыптастыруды және оларды мүдделі тараптарға (Директорлар кеңесінің комитеттері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, мемлекеттік құрылымдар және т. б.) беруді жүзеге асырады;
  • CDP (Carbon Disclosure Project) Климаттық бағдарламасы шеңберінде ҚМГ есептілігін дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады; СDP шеңберінде Компанияның климаттық рейтингін жақсарту жөніндегі шараларды әзірлейді және оларды іске асыруға жауап береді; 
  • ҚМГ және ҚМГ ДК Басқармасының отырыстарында ТКДБ іске асыруға қатысты және өз құзыреттері шеңберінде құжаттарды енгізу, мақұлдау және бекіту үшін шешімдер жобаларын және құжаттар топтамасын дайындайды және әзірлейді, келіседі және белгіленген мерзімге енгізеді; 
  • IOGP (International Association of Oil and Gas Producers - IOGP) халықаралық стандарттарына сәйкес ҚМГ-нің Мұнай және газ өндірушілердің халықаралық қауымдастығына мүшелігі шеңберінде парниктік газдар шығарындылары бойынша  есептілікті дайындауға және ұсынуға жауап береді; 
  • Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуді бағалау бөлігінде ТКДБ әзірлеу бойынша  ҚМГ жоспарын және ЕТҰ  жоспарларын әзірлеуге қатысады; 
  • Қызметтік хат алмасуды жүргізеді; ЕТҰ-ға көміртекті реттеуге және төмен көміртекті дамытуға байланысты мәселелерді шешуде әдістемелік көмек көрсетеді, атап айтқанда, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды және сот процестеріне қатысады;
  • ҚМГ КО, ЕТҰ қызметкерлерінің көміртексіздендіру және төмен көміртекті дамыту мәселелері бойынша білімін арттыруға жәрдемдеседі; адами ресурстарын басқару департаментімен бірлесіп төмен көміртекті дамыту мәселелері бойынша оқыту қажеттілігіне талдау жасайды, төмен көміртекті дамыту мәселелері бойынша құзыреттілік матрицасын әзірлейді; 
  • ЕТҰ-да парниктік газдар шығарындыларына квоталар жеткіліктілігінің мониторингі мен болжамын жүзеге асырады, сондай-ақ парниктік газдар шығарындыларына квоталардың белгіленген көлемнен асырғаны үшін ЕТҰ-ға айыппұл санкцияларын салу тәуекелдерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр