Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы қызметінің жетекші инженері

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
101

Қаралған саны:
1724

   Конкурс туралы
Талаптар:

Білімі (жоғары, мамандық/ біліктілік): Лайықты қызмет саласы бойынша жоғары кәсіптік білім.
Техникалық (мұнай және газ кен орындарын әзірлеу және пайдалану/геология және барлау/бұрғылау/ жобалау саласында)
Кәсіби орадағы жұмыс тәжірибесі: Кем деген де 5 жыл
Сала бойынша ұлттық және / немесе халықаралық компаниялардағы және /
немесе функционалды бағытқа лайықты салалардағы жұмыс тәжірибесі: Кем деген де 2 жыл

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:
1. Еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және
өрт қауіпсіздігі ережелерінің және нормаларының негіздері.
2. Мұнай өндіретін кәсіпорындарындағы өндірістік үдерістерді білу;
3. Ағымдағы ұңғымаларды жер асты жөндеу техникасы және технологиясы саласындағы
білім;
4. Көмірсутек кенорындарындағы өңдеу технологиясы және техникасы;
5. Ұңғымалардың атқымалы, газлифттік және мехникаландырылған пайдалану
технологиясы;
6. Ұңғымалардың механикаландырылған қорының технологиялық режимін сақтауды
бақылау әдістері мен техникалары;
7. Ұңғымалардың механикаландырылған қоры жұмысының технологиялық тиімділігін
арттыру әдістері;
8. Ұңғымалардың қиындатылған жағдайдағы қорын пайдалану технологиясы мен
техникасын білуі (мех ерітінділер, АШПШ (асфальт шайырлы парафинді шөгінділер),
коррозия, тұз тұнбалары және т.б.).
9. Ұңғыма қорының жөндеу аралық мерзімін есептеу және терең сорғыш жабдығының
істен шығуға дейінгі атқарымын есептеу әдістері.
Міндеттерді орындауға қажетті дағдылар:
1. Ақпаратты жинақтау, жүйелендіру және талдау дағдылары;
2. Офистік Microsoft Office бағдарламалар пакетімен пайдалану дағдылары;
3. Ақпараттық жүйелерді қолдану дағдылары;
4. Машина жасау технологиялары дағдылары;
5. Excel формулаларымен жұмыс жасау дағдылары;
6. Механикаландырылған өндіруге арналған ТСЖ сипаттамаларын есептеу дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
1. Өндірістік материалдарды жинақтау және жүйелендіру;
2. Дерекқорларды дайындау;
3. Ортамерзімді уақытқа ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар
бойынша ұсыныстарды дайындау;
4. Жаңа тиімділігі жоғары өңдеу технологияларын жетілдіру және дайындау жұмыстарына қатысу;
5. Кенорындарда инновациялық өңдеу технологияларын енгізу жұмыстарын қадағалау
және қатысух;
6. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы Заңы аясында мұнайгаз
саласындағы кәсіпорындар дайындайтын нормативті және техникалық құжаттамалар
жобасын қарастыруға қатысу;
7. Қиыншылықтармен күресу бойынша ұсыныстарды беру: тұз тұнбалары, механикалық
ерітінділер, терең сорғыш жабдықтың коррозиясы және АШПШ;
8. Жұмыс берушінің жазбаша қаулысы бойынша Жұмыскердің кәсіби біліктілік деңгейіне
лайықты қосымша жұмыстар мен функцияларды орындау.

Ерекше жағдайлар:
Жеке және іскерлік құзыреттер:
Стресске төзімділік, нәтижеге қол жеткізу/бағыттау, қарым-қатынас, жауапкершілік.
Кәсіби құзыреттер:
Келіссөздер мен презентациялар жүргізу қабілеті.

Атырау
5/2