KEGOC АҚ «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының Күрделі құрылыс қызметінің жетекші инженері, Шымкент қ.

250000 - 300000 KZT
"KEGOC" АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
486

   Конкурс туралы

Білім деңгейі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)

Білім профилі: электр энергетикасы / құрылыс саласында/ техникалық

Кәсіби тәжірибесі және еңбек тәжірибесі: Электр энергетикасы /құрылыс саласындағы мамандығы бойынша еңбек  өтілі кемінде 5 жыл

Білу керек: Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық қағидаларды, нормаларды, талаптарды, Электр жабдықтарын орнату қағидаларын, Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі қағидаларын, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде энергетикалық ұйымдарда персоналмен жұмыс істеу қағидаларын білу. Электр қауіпсіздігі бойынша кемінде 3 біліктілік тобының болуы.

 Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

электр энергиясын өндіру, тасымалдау және бөлу саласында теориялық және практикалық білімі болуы, электр желілерін техникалық пайдалану саласындағы салалық ережелерді, нормаларды, талаптарды, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын, өрт қауіпсіздігі ережелерін қажетті шамада білу, құжат айналымы жүйесі бойынша түсетін мемлекеттік тілдегі ақпаратты қабылдау құжаттың мәнін және оның лауазымдық міндеттерін орындау үшін жеткілікті негізгі ережелерін түсіну;

өңірдің электр желісінің схемасын, негізгі жабдықтарының параметрлері мен құрамын білу;

кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау).

 ЖК жұмыс істеу үшін қажеті дағдылар: ЖК және MS Office / Word, Excel, Corel Draw, ERP SAP, METADOC және т.б. бағдарламалардың  тәжірибелі қолданушысы .

Тілдік дағдылар: Қазақ тілі, орыс тілі.

Қосымша: іссапарға дайын болу

 Негізгі лауазымдық міндеттері: 

1) күрделі құрылыстың ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді, барлық күрделі құрылыс объектілері бойынша титулдық тізімдерді, құрылыс материалдары мен жабдықтарына өтінімдерді жасауды ұйымдастырады.

2) жобалау ұйымдарымен және бас мердігерлермен шарттар жасасуға қатысады;

3) жобалау және құрылыс ұйымдарының шарттық мiндеттемелерiн орындауын бақылайды, қажет болған жағдайда шарттарда көзделген санкцияларды қолданады;

4) күрделі құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыстардың орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария нормаларына, еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарына сәйкестігіне техникалық қадағалауды жүзеге асырады;

 5) объектілерді уақтылы пайдалануға беруді бақылауды жүзеге асырады;

6) құрылыс алаңдарында жабдықты орнатуға, сынауға және тіркеуге қатысты мәселелерді сәулет қадағалауын жүзеге асыратын органдармен келіседі;;

7) жабдықты сатып алуға бөлінген қаражаттың титулдық тізімге сәйкес жұмсалуын, сақтау ережелерінің сақталуын және орнатылмаған жабдықтың консервациялану сапасын бақылауды жүзеге асырады;

8) құрылыста еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс жұмыстарының өзіндік құнын төмендету және сапасын арттыру, олардың уақытын қысқарту, жобалау-іздестіру жұмыстарының құнын жақсарту және төмендету бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді.

9) шығындарды азайтатын және құрылыс мерзімін қысқартатын, күрделі салымдардың қайтарымдылығын тездететін (құрылымдардың беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай) ұтымды ұсыныстарды енгізуге ықпал етеді

10) Уәкілетті сәулет және қала құрылысы органдарына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді;

11) e-licence.kz, e-qurilys.kz, epsd.kz сайттарында Қызметтің барлық процестерін өңдейді құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларды алуға, жобаларды сараптамаға жіберуге қатысты.

12) Әкімдіктердің атқарушы органдарымен, құрылыс объектілері мен басқа да мекемелердің орналасқан жері бойынша Күрделі құрылыс қызметінің жоспарларының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды әзірлейді;

13) жаңа құрылыстар үшін жер учаскелерін беру және мемлекеттік жер құжаттарын алу және оларды ресімдеу мәселелерін шешеді;

14) Тиісті мекемелерде пайдалануға қабылдау актілерін рәсімдеу мәселелерімен айналысады;

15) күрделі құрылыс бойынша есеп жүргізу және есеп беру жұмыстарын ұйымдастырады.

 Жұмыс орны; Шымкент қаласы, Б. Момышұлы көш, 27.

 Түйіндемені қабылдау мерзімі 2024 жылдың   15-шілдесі дейін

Қажетті қабілеттер

  • разработки сметной документации и инструментов ценообразования в сфере капитального строительства
  • Навыки по организации ремонтных работ и капитального строительства
  • капитальное строительство
  • Закон РК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан»
  • Управление проектами в капитальном строительстве
  • Авторский надзор за строительством

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)