Есепке алу жөніндегі технигі (уақытша)
299000 - 299000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
11.07.2024
- Берілген өтінім:
- 67
- Қаралған саны:
- 1740
Лауазымның функционалы:
- ТМҚ басқару есебі бойынша бастапқы құжаттарды, белгіленбеген жабдықтар мен негізгі құралдарды қабылдау, тексеру және өңдеу, сондай-ақ өндіріс қоймасының ТМҚ және НҚ қоймалау, сақтау, есепке алу, беру;
- ілеспе құжаттарда көрсетілген бірліктерде қабылданатын құндылықтардың ілеспе құжаттарға сәйкестігін міндетті тексере отырып (қайта есептеу, таразылау, өлшеу), ТМҚ, НҚ-ны өндіріс қоймасына қабылдау;
- ТМҚ, НҚ-ны тиеу, түсіру және қойманың ішіне оларды түрлері, сапасы, мақсаты және басқа да белгілері бойынша орналастыру бойынша жұмыс;
- тауар-материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі құжаттаманы белгіленген мерзімде жасау және ұсыну;
- жылдық түгендеуді, іріктеп және аудиторлық тексерулерді жүргізуге қатысу. Оларды жүргізу қағидаларын сақтау;
- түсті және қара металл сынықтарын кіріске алуды және орнын ауыстыруды жүзеге асыру.
Біліктілік талаптары:
- орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат) немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік білім;
- жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Білімі мен дағдылары:
- тауарларды есепке алуды, бухгалтерлік есепті, электротехникалық материалдар бойынша жалпы ұғымдарды білу;
- қойма сақтау және есепке алу ережелерін білу;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
- ДК жетілдірілген пайдаланушысы (1С бағдарламасы, Microsoft Word, Microsoft Excel).
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж