Тәуекел жөніндегі басқарушы директор

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
756

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі бақылау және үдерістерді басқару бойынша бекітілген нормативтік құжаттарына сәйкес жұмысты ұйымдастырады және қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына бақылауды жүзеге асырады;

    2) қызметкерлер арасында жауапкершілік салаларын бөледі, бөлімдегі қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

    3) Қоғамның және еншілес ұйымдардың (ЕҰ) Даму стратегиясына және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саласындағы озық халықаралық тәжірибеге сәйкес тәуекелдерді басқару жүйелерін, ішкі бақылау мен үдерістерді басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды және жүзеге асырады;

    4) өз қызметі барысында еншілес ұйымның қызметін ескере отырып, Қоғамның тәуекелдерін жабудың толықтығына бақылауды жүзеге асырады;

    5) Қоғамның және еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғаларымен тәуекелдерді корпоративтік басқару және ішкі бақылаудың бірыңғай тәсілдерін енгізуді үйлестіреді;

    6) Топта тәуекел мәдениетін дамытуға жәрдемдеседі және Қоғам мен еншілес ұйымдардың қызметкерлеріне тәуекелдер бойынша әдістемелік, оқу және тәжірибелік қолдау көрсетеді;

    7) анықталған тәуекелдердің мониторингін, бағалауын және бақылауын қамтамасыз етеді. Тәуекел иелерінің әрекет ету шараларын қалыптастыруды ұйымдастырады;

    8) тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және осы шаралардың тиімділігін бағалайды;

    9) отырыстарға, уәкілетті органдардың отырыстарына, жұмыс топтарына, вебинарларға және т.б., оның ішінде презентацияларға, оқыту семинарларына, баяндамаларға қатысады;

    10) Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының бизнес бағыттарын дамытудың стратегиялық бағдарламаларын/жоспарларын дайындауға/келісуге қатысады;

    11) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау мәселелері бойынша еншілес ұйымдармен интеграцияны ұйымдастырады және өзара іс-қимыл жасайды;

    12) іске асырылған тәуекелдерді/инциденттерді жинауды және жинақтауды қамтамасыз етеді;

    13) Қоғамның тәуекелге аппетитін қалыптастырады және оның сақталуына мониторингті қамтамасыз етеді;

    14) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бойынша мерзімді есептерді қалыптастыруды басқарады және бақылайды;

    15) Қоғамның және еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғаларын тәуекелдің сыртқы және ішкі факторлары/мүмкіндіктері, бақылау ортасының және үдерістерді басқарудың бұзушылықтары/кедергілері туралы үнемі хабардар етеді;

    16) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың тиімділігін қамтамасыз етеді;

    17) процестер тиімділігінің барлық көрсеткіштерінің орындалуын (тиімділікті бағалау) және олардың іске асырылу дәрежесін (жетілуін бағалау) ескере отырып, процестердің жұмыс істеуін кешенді бағалауды қамтамасыз етеді;

    18) бөлімшенің әкімшілік шығыстарының жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

    19) Қоғам мен оның еншілес ұйымдары құжаттарының нормативтік-құқықтық және әдістемелік базасын әзірлеуге, жетілдіруге және үйлестіруге қатысады, өз функцияларын орындау кезінде құпияны сақтайды;

    20) тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және үдерістерді басқару саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында қызметкерлерді курстарға, тренингтерге және басқа да кәсіби және салалық іс-шараларға, оның ішінде халықаралық іс-шараларға жіберу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қажет болса топты басқарады.

Талаптар:

  • Жоғары білім (қаржылық/экономикалық/техникалық) және тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, процестерді басқару және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, салалық жұмыс тәжірибесі қажет.

  • Білім мен дағды:

    1) функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi салалық, оның iшiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi;

    2) функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi көлемде «Қазақтелеком» АҚ нормативтiк құжаттары;

    3) инвестицияларды басқару, жобаларды және олардың тәуекелдерін бағалау, жобалардың кейінгі мониторингі саласындағы мәселелер;

    3) тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және процестерді басқару саласындағы халықаралық стандарттар мен ағымдағы үрдістер;

    4) электрондық құжат айналымы;

    5) біріктірілген басқару жүйесінің құжаттары (бұдан әрі – БМЖ);

    6) Қоғамның және Еншілес ұйымдардың (бұдан әрі – еншілес ұйымдар) стратегиялық, қаржылық-экономикалық, ұйымдық және нормативтік құжаттары;

    7) атқаратын лауазымға қажетті Қоғамның ақпараттық жүйелері мен технологиялары (соның ішінде Qlik);

    8) функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн қажет көлемде мемлекеттiк тiлдi.

    1. Директорда болуы керек:

    1) өндіріс пен еңбекті стратегиялық жоспарлау, болжау және ұйымдастыру дағдылары;

    2) іскерлік және жеке қасиеттер: көшбасшылық әлеует, жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті, жауапкершілік, эмоционалдық тұрақтылық, тәуекелдер мен жанжалдарды басқару қабілеті, коммуникативті дағдылар

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр