«Теміржолсу-Алматы» ЖШС Алтынкөл станциясының су құбыры және кәріз желілеріне техникалық қызмет көрсету 1-топ шебері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Сумен жабдықтау желілерін техникалық пайдалануды басқарады;
- Суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
- Жөндеу кестелерін жасайды;
- Жоспарлы профилактикалық жөндеудің уақтылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді;
- Авариялық және апатты жағдайларда су құбыры желісі учаскесінің жұмысын қамтамасыз етеді;
- Сумен жабдықтау жүйелерін жөндеудің перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге қатысады;
- Пайдалану және жөндеу қажеттіліктері үшін жабдыққа, құрал-сайманға, қосалқы бөлшектерге, материалдарға, бақылау-өлшеу аспаптарына сұраныстарды уақтылы дайындауды және беруді ұйымдастырады, персоналдың белгіленген ережелерді, қауіпсіздік шараларын және өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады.
- Білімі: орта кәсіптік білім және мамандық бойынша тиісті дайындық
- Мамандығы: Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары; Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша); құрылыс (темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технология; су ресурстары және суды пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: тәжірибеге қойылатын талаптар жоқ
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж