«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» Ақмола филиалы РБ-1 санатты инженер

от 282234
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
432

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ҰБД-ны қайта ауыстыру бойынша негіздемелер (хаттамалар бойынша деректер)белгіленіп, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бойынша статистикалық анықтамаларды дайындау; 
  • жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі туралы талдау (жинақтау) және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған ұсынымдар дайындау (РБ талдауы); 
  • жетекшілік ететін бөлімшелердің ҰБД себептерін жою бойынша түзету іс-шараларын орындауы туралы ақпаратты қоса отырып, қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша ревизорлардың атқарған жұмысы туралы есепті, қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша тексеру қорытындылары бойынша және салалық ревизорлардың ай сайынғы талдаулары негізінде берілген ұсынымдарды дайындау; 
  • РБ аппаратының жылдық жұмыс жоспарын іске асыру бойынша мерзімді есепті дайындау (анықтама); 
  • қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша РБ селекторлық кеңестеріне материалдарды қалыптастыру (анықтама); 
  • РБ селекторлық кеңестерінің хаттамаларын ресімдеу, кейіннен тапсырмалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу (хаттама); 
  • РБ орынбасарлары мен өңірлік салалық ревизорлардың лауазымдық міндеттерін орындау бойынша қозғалыс қауіпсіздігі бойынша тыңдау хаттамаларын және шаралар қабылдай отырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді ресімдеу; 
  • компания, ОАА және РБ басшылығының қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша телеграфтық нұсқаулардың, хаттамалық шешімдердің, тапсырмалардың орындалуы бойынша есептер жинағы (анықтама); 
  • РБ аппаратының жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер, вагондар, локомотив-вагон жасау, көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Автоматтандыру және басқару (Автоматика, теміржол көлігіндегі және метрополитендегі телемеханика және байланыс); Электр энергетикасы (теміржол монтерлерін электрмен жабдықтау)
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша теміржол көлігі ұйымдарында тиісті шаруашылық бейіні бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)