Апатты жылдам қалпына келтіру бригадасының жолсерігі

199670 - 208389
Кызылординская дистанция сигнализации и связи Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
158

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Өзі қызмет көрсететін вагонның құрылғыларын білу. Слесарлық монтаждау жұмыстарын білу, сондай ақ қажетті аспаптарды, құрал жабдықтарды пайдалана білу.

Білімін жүйелі түрде көтеріп отыру және еңбек тәжірибесін жетілдіру.

Аға электромеханиктің вагон құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсетумен байланысты нұсқауларын орындау.

Вагон құрылғыларының анықтарған кез-келген ақаулары туралы аға электромеханикке және байланыс диспетчеріне мәлімдеп отыру.

Вагонды қысқы жағдайда және көктемгі су тасқыны жағдайында жұмыс жасауға уақытылы және сапалы түрде дайындау.

Сумен жабдықтау және от жағу кезеңінде вагонға от жағу.

Вагонға әсер ететін әрбір табиғи құбылыстан кейін, аға электромеханиктің келісуімен вагонға кезектен тыс тексеру жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою.

Ауысым қабылдау және өткізу кезінде вагондағы материалдардың, башмактардың бар болуын тексеру және тіркеу журналына қол қою.

Сумен және электромен жабдықтау схемаларын және от жағу жүйесін жақсы білу.

Вагон ішінің тазалығын қадағалау, төсек жабдықтарын уақытылы кір жуу орнына өткізу

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру