Қаржы департаменті қазынашылық басқармасы өтімділікті басқару секторының бас маманы

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
77

Қаралған саны:
1477

   Конкурс туралы

Талаптар:

Білімі:

  • Жоғарғы қаржылық білім. Тиісті жұмыс профилі бойынша магистр дәрежесінің болуы/менеджмент/экономика/қаржы/МВА/т.б. (қалаулы).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.

Экономикалық қызмет түріндегі ұйымның бейініне сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі (ҚМГ және/немесе үлестес ұйымдарда артықшылық беріледі):

  • Қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі (мұнай-газ компанияларында).

Басқарушылық тәжірибесі:

  • Басқарушылық тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • В1 (қаз), Pre-Intermediate (англ.).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнама;
  • Мұнай-газ саласындағы заңнама;     
  • Қазақстан Республикасының банк ісі және валюта заңнамасын;
  • Экономика және қаржы, бизнес-жоспарлау процестері саласында;
  • Қаржы институттарындағы қаржыландыру схемалары мен құрылымдары;
  • ҚМГ тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздерін;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздікті;
  • Сапа менеджменті, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесін;
  • Мемлекеттік және ағылшын тілдерін (ауызша және жазбаша) білу қажет.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Талдау дағдыларының болуы;
  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдылары;
  • Шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ҚМГ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ кассалық жоспары шеңберінде ҚМГ үшін қаражат тапшылығын жабуды және қаржыландыруды тартуды жоспарлауды жүзеге асырады;
  • ҚМГ рентабельдiлiгiн қамтамасыз ету және мiндеттемелерiн өтеу мақсатында ҚМГ уақытша бос ақшасын қаржы құралдарына инвестициялау және конверсиялық операцияларды жүргiзу процестерiн ұйымдастырады;
  • ҚМГ шығындарын барынша азайту мақсатында мерзімі өткен дебиторлық/кредиторлық берешекті қайта құрылымдау шараларын әзірлейді;
  • Төлемдер тізілімін келіседі және ҚМГ міндеттемелерін өтеу мақсатында төлемдерге рұқсат береді;
  • ҚМГ компаниялар тобының кәсіпкерлік функцияларын трансформациялау бағдарламасын іске асыру мақсатында орталықтандырылған қазынашылық моделін әзірлеуге және енгізуге қатысады;
  • Бизнес-процестерді рәсімдеу мақсатында қазынашылық мәселелерін реттейтін ішкі ережелер мен әдістемелерді әзірлейді;
  • «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚМГ нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қарыздық қаржыландыруды қамтамасыз ету және ҚМГ кепіл мүлкін басқару үдерісіне мониторингті жүзеге асырады;
  • Бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету мақсатында ҚМГ қаржы құралдарын танудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
  • Төлем тәртібі мен деректемелерін тексеру мақсатында шарттарды келіседі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр