МОК №09 жол машинасының машинист көмекшісі

232966 - 245650
Шуская машинизированная дистанция пути Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
159

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Машинист және машинист көмекшісінің еңбек міндеттеріне:

1) еңбек және орындаушылық тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және еңбек режимін сақтау;

2) осы лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған еңбек міндеттерін сапалы және дер кезінде орындау;

3) құрылымдық бөлімшенің жұмыс жоспарларын орындау;

4) басшылықтың тапсырмаларын орындау;

5) қызметтік құжаттарды қарау және шешімдерді қабылдау кезінде бюрократтық көріністерге және шұбалаңдыққа жол бермеу, сондай-ақ олар бойынша Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;

6) Қоғам беделінің және имиджінің нығаюына қолғабыс ету;

7) іскерлік этика нормаларын және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен белгіленген корпоративтік мәдениетті сақтау;

8) ұқыптылық және өзі мен өзінің қарамағындағы қызметкерлерге талап қоя білушілік;

9) Қоғамның басқа қызметкерлерін құрметтей білу, этикалық нормаларды сақтау;

10) биязы, әдепті болу, іскерлік қатынас нормаларынан ауытқуға жол бермеу;

11) кәсіби қасиеттерді жетілдіру, еңбек міндеттерін орындау кезінде бастама көтере білу және творчестволық тұрғыдан келу, озық тәжірибені пайдалану, әріптестеріне олардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде қолдау көрсету;

12) әріптестер мен басшылардың сындары мен ескертулерін оң қабылдау, сондай-ақ жіберілген қателіктерді дер кезінде мойындай білу;

Біліктілік талаптары:

Образование:

Среднее и специальная подготовка по установленной программе

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім