4 РАЗРЯДТЫ ТАУАР ОПЕРАТОРЫ ТАУАР-КӨЛІК БАСҚАРМАСЫ (ТКБ)

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
28

Қаралған саны:
3245

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • АНҚҚ т/ж жолдарына берілетін құрамды күтіп алады, тежегіш башмактарының орнатылуын бақылайды. Құю аяқталғаннан кейін құрамды АНҚҚ т/ж жолдарынан алған кезде тежегіш башмактарының жиналуын бақылайды және т/ж құрамының толығымен жиналып алынғандығына көз жеткізеді.
  • Құйғанға дейін в/ц.ға жерге қосу құрылғысын орнатады және оны в/ц бензин құю аяқталғаннан кейін шешіп алады.
  • Бензин құюдың жұмысшы аймағындағы в/цистерналардың жоғары тиеу люгінің қақпағын ашады және жабады, құяр алдында көзбен шолып жоғары тиеу люгі арқылы құю тұрбаларын түсіруге және көтеруге кедергі келтіруі мүмкін в/ц конструкцияларының шығып тұрған элементтерінің жоқтығын тексереді, құйғаннан кейін в/ц құйылудың, сынамалардың алынғандығының толықтығын және дұрыстығын көзбен шолу арқылы тексереді.
  • Ауысым жетекшісінің өкімдерін, Тауар тобындағы, Тауар-көлік басқармасындағы және зауыттағы әрекет ететін нұсқауларды, бұйрықтар мен өкімдерді орындайды.

Талаптар:

  • орта-техникалық білімі білімі;
  • мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

Шарттар:

әлеуметтік пакет
жеткізу