"Қазтеміртранс" АҚ Шымкент филиалының IT өндірістік-техникалық секторы бойынша бас маманы

от 335350
АО "Қазтеміртранс" Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
830

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Негізгі құралдарды сатып алу үшін қаржы ресурстарын бөлу жоспарының орындалуын бақылау, оның ішінде: компьютерлік техника және офистік жабдықтарға арналған компоненттер;
  • Филиалдың аппараттық, бағдарламалық және ақпараттық қауіпсіздігін тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл;
  • Филиалда негізгі құралдардың, оның ішінде компьютерлік техниканың болуын, қозғалысын және жеткізілуін бақылау, жабдықтарды талдау, компьютерлік паспорттарды жүргізу;
  • Сатып алулар kz бойынша жүзеге астыртыру, қаржыландыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін құжаттардың толық пакетін бухгалтерияға беру;
  • Негізгі құралдарды сатып алуға бизнес-жоспарлар, техникалық ерекшеліктер дайындау, оның ішінде: объектілік емес жабдық және офистік жабдықтарға арналған жиынтықтаушы бұйымдар;
  • Филиалдағы негізгі құралдарға, оның ішінде филиалдың есептеу және ұйымдастыру техникасына түгендеу жүргізу, оларды уақтылы есептен шығару және шығару.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы