"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының Балқаш ст. есепке алу тобының жетекші маманы

от 335350
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Балқаш қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
251

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу, есеп берушілермен есеп айырысу, атқару құжаттары, ұсталған салықтар, жарналар және басқа да шоттардың бухгалтерлік есеп шоттарын тексереді. Барлығы үшін MT форматында төлем тапсырмаларын жасайдыАқша қалдығыын есептеу шоттарымен тексеру;
  • Жалақыны есептеуді және тексеруді жүргізеді, есептелген сомалар бойынша жасалған есептердің дұрыстығын тексереді;
  • Іссапар шығындары және басқа да есепті сомалар бойынша аванстық есептерді тексереді және есептейді;
  • Демалыс ақысы, іссапар шығындары және т.б. төлемдерді қаржыландыруға өтінім жасайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары.
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы, Экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 1 жылдан кем емес.

Қосымша талаптар:

Процесстерді, команданы басқару және үйлесіру дағдылары; аналитикалық мүмкінділіктірі; туындаған сауалдарды шешуі; қарым-қатынас дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр