"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС филиалы Өскемен пайдалану локомотив депосының өндірістік-техникалық бөлімінің 1 санатты инженер-жылу технигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Локомотив бригадаларыменпоездарды тарту үшін отын-энергетикалық ресурстарды есептеу және нормалау, энергетикалық мақсаттар мен міндеттерді әзірлеу
- Пойыздарды тарту және өндірістік-шаруашылық, қажеттіліктерге арналған отын-энергетикалық ресуртстар мәселелер жөніндегі отын-энергетика комиссияның жұмысына қатысу
- Тарту түрлері мен қозғалыс түрлері мен қозғалыс түрлері, сериялары бойынша отын-энергетикалық ресурстардың прогрессивті, ғылыми негізделген, сараланған тұтыну нормаларын әзірлеу
- Филиал дайындаушыларымен компанияның басқа филиалдарының бөлімшелерінің әзірлеушілермен, АБЖ иесі, оның ішінде ЭДТ АБЖ техникалық суйемелдеу диспетчерлік қызметін, пайдаланушыларды АБЖ-ға қосу мәселерә бойынша,салалық, локомотив, локомотив депосы, орталық сервер деңгейінде ЭДТ басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс қабілеттілігі
- Өндірістік емес шығындарға,шаруашылық және маневрлік локомотивтерді пайдаланіға, тұтыну лимиттеріне отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну шығынын есепке алу
- тексеру және аудиторлық есептер бойынша құжаттарды хаттама,бұйрық, шаралар оларды отын-жылу техникасы бөліміне ұсына отырып қалыптастыру
Біліктілік талаптары
- Білімі Жоғары немесе жоғары оқу орнына кейінгі
- Мамандығы көлік, көлік техникасы, және технологиясы, локомотивтер, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыстағы көлікті пайдалану, темір жол көлігі
- Жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл, және де тепловоз машинисі немесе тепловоз машинисінің көмекшісінің тәжірибесі
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр