Ақпараттық-техникалық және әкімшілік-шаруашылық қызмет секторының аға үйлестірушісі

KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
3271

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • серіктестіктің ішкі актілеріне сәйкес есептілікті жасау;
  • кеңсе техникасын, жиһазды жұмысқа жарамды жағдайда ұстау, Серіктестік жұмыскерлері үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру;
  • құжаттау және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік актілерді әзірлеу және белгіленген тәртіппен бекітуді жүзеге асыру, құжаттау және құжаттаманы басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік ішкі актілердің мониторингін жүзеге асыру;
  • Серіктестікте құжаттаудың, электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету;
  • кіріс және шығыс құжаттарды есепке алуды, сондай-ақ серіктестіктің негізгі қызметі бойынша бұйрықтарды тіркеуді, есепке алуды және жедел сақтауды қамтамасыз ету;
  • келіп түсетін және жөнелтілетін хат-хабарды уақтылы өңдеуді, оны мақсаты бойынша жеткізуді қамтамасыз ету;
  • курьерлік қызметті ұйымдастыру;
  • бақылау тапсырмаларын орындау мерзімдері туралы ақпарат дайындау;
  • Серіктестік номенклатурасын (Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында келісу), Серіктестік құжаттарын мұрағаттық сақтау жөніндегі басқа да ережелерді жасау, келісу және бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • өткізілетін мәжілістерге, конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсету;
  • Серіктестіктің көшуін ұйымдастыру;
  • Серіктестіктің алдына қойылған міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Серіктестік басшылығының және сектор басшысының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру;
  • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу жұмыскерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін, алкогольдік немесе есірткі қолданып масаң күйде жұмысқа кіріспеу жағдайлары туралы жұмысты тоқтата тұру және жоғары тұрған басшылыққа баяндау;

Қажетті қабілеттер

  • - знание систем электронного документооборота (ОДО, ЕСЭДО, ИПГО)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)