«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Атбасар вокзалының вокзал бойынша кезекшісі

190000 - 199000
Вокзальное хозяйство Атбасар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
913

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Міндетті: ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес деңгейде білу, Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерін және "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі-Компания) және "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы - "магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі" Акционерлік қоғамы филиалының (бұдан әрі - Филиал), менеджменттің интеграцияланған жүйесінің (бұдан әрі – МИЖ) талаптары (құжаттары). Белгіленген режим мен технологиялық процеске сәйкес жұмыс ауысымы ішінде вокзалдағы барлық қызметтер мен құрылғылардың нақты және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, бұзылған жағдайларда тиісті актілер жасау және вокзал басшылығын уақтылы хабардар етеді. Вокзалдағы жедел жағдаймен, кезекшілікке кіру кезінде келіп түскен басшылық құжаттармен (жеделхаттармен, бұйрықтармен, нұсқаулармен және т. б.) танысады. Егде жастағы адамдарға, балалары бар жолаушыларға, ұйымдастырылған жолаушылар топтары мен балаларға назар аудара отырып, күту залдарындағы, платформалардағы жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін қажетті шараларды қабылдайды. Вокзал аумағы бойынша жүріп-тұру кезінде, сондай-ақ жолаушылар поезына отырғызу/түсіру кезінде мүгедектігі бар адамдардың жеке алып жүруін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мүгедектің талап етуі бойынша еріп жүрушінің жеке басын куәландыратын құжаттың орнына мүгедектің кресло - арбасын береді (тегін). Поездар келген кезде  және олар толық жөнелтілгенге дейін, пойыз турағы кезінде құрамды басынан бастап артқы вагонына дейін айналып өту міндетті түрде перронда және/немесе платформада болуы тиіс. Пойыз жөнелтілген кезде пойыздың артқы вагоны шекарадан өткенге дейін пойыздың құрамын соңына  дейін алып жүреді, бұл ретте артқы вагондарда сигналдардың қосылғанына көз жеткізеді.

 

Біліктілік талаптары:

Білімі
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі); Орта (техникалық және кәсіптік) 
Мамандығы
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы және технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру, психология, филология, туристік/қонақ үй дело.
Жұмыс тәжірибесі

Қызмет бейіні бойынша:

жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру